astana-view

Қазақстан Президенті жаңа сегіз өндірісті іске қосты

2016 жылғы 01 Шілде
8065 просмотров

Астанада 2016 жылдың алғашқы жартысы бойынша индустриализация бағдарламасына қорытынды жасалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен телекөпір барысында сегіз жаңа өндіріс орны ашылды. Жаңа нысандар қатарында Павлодар облысында ашылған теміржол біліктері мен дөңгелек жұптарын шығару зауыты бар, онда жылына 20 мың дөңгелек жұбы мен 42 мың теміржол білігін шығару жоспарланып отыр.

Бүгін Екібастұздағы голланд раушандарын өсіретін жылыжай кешені де іске қосылды, жылыжайдан 10 млн-ға дейін раушан гүлін алу көзделіп отыр. Алматыда жылына 120 тонна өнім өндіруге арналған «ЭФКО Алматы» май өнімдерін өндіру кешені ашылды. Астанада жылына 16,4 мың тонна өнім беретін санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдері өндірісі қолға алынды. Петропавлда тракторлар құрастыратын болды, жылына 100 бірлікке дейін су жаңа техника іске қосылмақ. Оңтүстік Қазақстанда жылдық қуаттылығы 1079 тоннаға дейін жететін тез даярланатын өнімдер шығару өндірісі өз жұмысын бастап кетті. Ақтауда премиум-топтағы бұранда байланыстарын ою зауыты іске қосылды.

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсайда К5 экологиялық тобына жататын мотор отынын өндіру жолға қойылды. Кәсіпорын 200 тоннадан астам жоғары сапалы отын шығаратын болады және іс жүзінде өңірді жанар-жағармай импортына деген тәуелділіктен босататын болады. Кәсіпорын 400 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Инвестициялар және даму министрлігінің дерегі бойынша, Индустриализация картасы аясында 2016 жылғы 1-жартысында құны 175 млрд теңгені құрайтын барлығы 30 жоба енгізілген. Шамамен 4 мың адам жұмыс орнымен қамтылды. Жобалар жеке инвестициялар, екінші деңгейлі банктер мен даму институттары қарыздары есебінен жүзеге асырылып отыр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер