astana-view

Старт-апқа 2 миллион теңге

2015 жылғы 11 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
16304 просмотров

Кентауда антидәмхана ашылады

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бизнес-мектеп» жобасы бірінші кезеңінің түлегі Гауһар Арыстанова 2 миллион теңгеге грант алды. Бауқау комиссиясының мүшелері оның «Антидәмхана» бизнес-жобасын қолдады. Гауһар туған қаласы Кентауда басты келушісі жастар болатын бос уақыт-дамыту клубын ашуға дайындалып жатыр.

«Антидәмхана дегеніміз не? Бұл негізінде әлеуметтік бағыттағы мекемелер. Онда араласуға, демалуға, достармен кездесуге болады. Мұндай мекемелер – зияткерлік клуб пен дәмхана арасындағы аралық орын. Елімізде олар жақында ғана пайда болды, ал Еуропа және Америка елдерінде олар өте танымал», - дейді Гауһар.

Гауһар «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтті, ал Кәсіпкерлер палатасының консультанттары гранттық қаржыландыруға қатысу үшін бизнес-жоспар құруға көмектесті.

«Гауһардың идеясы маған ұнады. Ол әдеттен тыс, жаңа  дүние боп көрінді. Ал жоба авторы өз жобасын жүзеге асыруда мақсатқа ұмтылуымен, табандылығымен есте қалыпты. Бұл да кәсіпкер үшін аса маңызды», - дейді бизнес-мектеп тренері Қанат Әбілдабеков.- «Біздің тарапымыздан идеяға толық талдау жасалды, осыдан соң жобаны гранттық қаржыландыруға ұсынуға нұсқау бердік».

Бизнес-мектепте ісін бастаушы да, әрекет етуші де кәсіпкерлердің тегін білім алатынын еске саламыз. Курсты тыңдаушылар, инновациялық жобасы болса, жеңілдікті және гранттық қаржыландыруға құқық беретін сәйкес сертификаттар алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер