astana-view

Кінәсіз жазықты!

2015 жылғы 14 Қыркүйек
8333 просмотров

Қарағандылық кәсіпкер Көкпектіде орын алған қайғылы оқиға мән-жайының объективті түрде тергелуін талап етеді

Қарағандылық бизнесмен Владимир Крючков жұртшылықтың әділетсіз тергеу туралы ақпаратты Қазақстанның Президентіне жеткізуге көмектесуін сұрап жүгінді. Бұл жолда оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Бизнес жемқорлыққа қарсы!» қоғамдық қозғалысының белсенділері қолдау көрсетуде.

Бір жарым жыл бұрын 31 наурызға қараған түнде тасқын су Көкпекті кентін шайып өткен болатын: шамамен 300 үй бұзылып, 300 бас мал қырылып, ең сорақысы – ауылдың бес тұрғыны суға кетіп қалды. Еріген қар суының деңгейі екі метр биіктікке көтеріліп, бірнеше сағат бойы тұрған. Алматы мен Санкт-Петербургтен келген гидротехник-сарапшылардың пікірінше, Көкпекті су қоймасының бұзылуы апаттық жағдайға орай күндердің-күнінде орын алатын жайт еді. Бірақ Владимир Крючков бөгет иесі емес, су қоймасын жалдаушы ғана еді...

2005 жылы Владимир Крючков жергілікті тұрғындардың жасыл желекті демалыс аймағын салып, балық өсіру үшін аталмыш су қоймасын жалға алады. Пилоттық жоба балық аулау үшін инфрақұрылымдық нысандар тұрғызуды ғана болжайды да, аумақтың қожайыны болып табылмайтын бизнесмен осымен ғана шектеледі.

Қайғылы оқиға орын алғанға дейін Владимир Крючков тоғыз жыл бойы түрлі бейіндік инстанцияларға төтенше жағдай орын алуы мүмкіндігін хабарлап, 60-тан астам ресми хат жолдаған. Бөгет ол кезде ресурсын тауысып, күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған болатын. Владимир Крючков өз күшімен және жеке қаражатына бөгеттің іргесін құммен, қиыршық таспен үнемі бекітіп отырған. Алайда оның сұрауларына құрылым иелері де, жергілікті атқару органдары да жауап бермейді.

Су жиналып келген кезде кәсіпкердің мамандары шлюза аумағында ор қазып қояды. Мұны да, Төтенше жағдай қызметін күтпестен, өз күштерімен, өз қаражатына жасайды. Кейін сарапшылар дәл осы әрекеттің еріген суды екі сағатқа ұстап тұруға көмектескенін анықтайды. Бұл жергілікті биліктің халықты эвакуциялауына мүмкіндік берді. Алайда адам қазасының алдын алу мүмкін болмады.

Бүгінде кәсіпкер Владимир Крючковқа жеті жыл түрмеге жабылу қаупі төніп тұр. Ол «тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде адам өліміне алып келген қауіпсіздік ережесін бұзуға» айыпталып отыр. Ал кәсіпкер ондай жұмыстар жүргізбеген еді! Себебі бөгет құрылысына қандай да бір өзгертулер енгізуге құқысы да болған жоқ. Төтенше жағдайға дейін бөгет иесі «Шаңырак» Агрофирмасы» ЖШС болған.

Бірақ қайғылы оқиғадан кейін бірден аталмыш кәсіпорын теңгеріміне гидротехникалық станцияны беру кезінде кейбір заңгерлік тұстардың жасалмай қалғаны анықталып, бұл қожайындардың «өтіп кеткен күнмен» жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік берген. Енді олардың бөгетке мүлдем қатысы жоқ деуге де болады.

Баспасөз конференциясында ол отбасының артында Пардамент Мәжілісінің бір депутаты тұрғаны жайлы ақпарат айтылды. Әрине, ол өзінің компанияға қатыстылығын үзілді-кесілді теріске шығарады. Владимир Крючков, кент әкімі мен Бұқар жырау ауданы ТЖ жөніндегі басқармасының қызметкері айыпты боп қалып отыр.

Бизнесмен өзінің айыпталуымен келіспейді! Ол тергеу барысында заңның барлық нормаларының өрескел бұзылғанына назар аударды. Сөйтіп, бөгетті жалдау жөніндегі компанияның негізгі шоттарымен бірге «Сантехпром» ЖШС шоттары мен мүлкінің бір бөлігі түсініксіз себептермен тұтқындалған. Екі кәсіпорында да Владимир Крючков құрылтайшылар құрамына кірсе де,  қызметі үлестес емес.

Кәсіпкер бұл қимылдан заңды форма беріліп отырған рейдерлік басып алуды көріп отыр. Қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Денис Кривошеев оның ойымен келісіп отыр.

Бүгінде Владимир Крючков прокурорлар әрекетінен әлсіреп қалған жеке кәсіпорнының жұмыс қабілетін бар күшімен сақтап қалуға тырысуда, және де 350 қызметкерінің жұмыссыз қалмауына қолдан келгенін жасайды.

«Атамекен» сарапшылары мен «Бизнес жемқорлыққа қарсы» құқық қорғау қозғалысының белсенділері Елбасының атына жазылған хатқа қол қоя отырып, Қарағанды облыстық прокуратурасының әрекеті Президент жүргізіп отырған саясатқа толығымен қайшы келетінін және жалпы елдегі құқықтық жүйенің беделін түсіретінін мәлімдеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Көкпектідегі қайғылы оқиғаның шынайы айыптыларын тауып, алда мұндай құқықтық қайшылықтарға жол бермеу шараларын қолдануды талап ете отырып, аталмыш істің әділетті түрде қаралуына қол жеткізбекші.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер