astana-view

Бизнес-қоғамдастықтың Парламентке ашық үндеуі

2015 жылғы 15 Қыркүйек
15361 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында салық саясатын негізсіз күшейту мәселесі төңірегінде қоғамдық тыңдаулар өтті

Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастығы уәкілетті органдар жүргізіп отырған экономикалық дамудың қазіргі заманғы жағдайларында отандық кәсіпкерлікті ЕАЭО мүше елдер бизнесімен салыстырғанда тең емес жаңдайға қалдыратын, сонымен қатар қазақстандық бизнесмендердің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсеке қабілетті болуының әлеуетті мүмкіндігін төмендететін жаңа салық салу және салықтық әкімшілік ету саясатына біршама алаңдаулы.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы саясатының арқасында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың түбегейлі шаралары қабылданып, жүзеге асырылуда. Оған мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін өзгерту, рұқсат беру жүйесін жеңілдету, инвестициялық бастамаларды қолдау үшін заңнаманы өзгерту, мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламалары аясындағы қаржылық және бейқаржылық шаралар кіреді.

Біз үшін сол жоспарланған және қабылданған бағдарламалардың тиімді түрде жүзеге асырыла бастағаны, ал бизнеске әкімшілік етудің әрекеттегі жүйелері күшею жағына өзгермегені маңызды болды.

Алайда уәкілетті органдардың бүгінде жасаған және Үкімет қолдау көрсеткен қадамдары, біздің топшылауымызша, еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Және де осындай қадамдардың бірі жаңа салықтарды енгізу және салықтық, кедендік әкімшілік ету саясаты осындай қадамдардың бірі болып табылады.

Салмақты есептеулерсіз әрі ықтимал экономикалық және әлеуметтік салдарына талдау жүргізбестен, осынша тәуекелді және бизнес экономикасы үшін жағымсыз – сатуға 5% мөлшерлемесімен салық (бұл шамамен ҚҚС 20-25% сәйкес келеді), сонымен қатар 5-12% аралығындағы мөлшерлемемен бөлшек салық енгізу, сондай-ақ салық төлеушілерді ҚҚС бойынша есепке қоюдың шектік мәнін 10 есе төмендету (осылайша аталмыш салықты барлық кәсіпкерлік субъектілеріне жаю, сонымен бірге микробизнеске), жерасты суларын өндіру кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерін 40 еседен астам шамаға көбейту, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу (2% мөлшеріндегі міндетті аударымдармен және жыл сайын 5% дейін арттырумен) және бизнеске қаржылай жүктемені қисынсыз көбейтетін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын (еңбекақыны төлеу қорынан 5%) енгізу сияқты шешімдерді қабылдаудың қалай мүмкін болғаны түсініксіз.

Өнім өткізу нарықтарын кенет тарылту жағдайында, отандық өнімді өндіруге арналған жабдықтар мен  шикізат импорты қымбаттаған кезде бәсекелесу қажеттігі жағдайында салық және кедендік әкімшілік етуде қатайту енгізу қалай мүмкін болды?

Аталмыш шараларды енгізгенде кәсіпкерлерге салық жүктемесінің бірнеше есе өсіп, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі төмендейтіні, қазақстандық экономиканың инвестициялық тартымдылығы төмендейтіні, инфляция мен көлеңкелі экономиканың өсу тәуекелі бар екені, салық салынатын базаның қысқаратыны анық.

Есептеулердің Қазақстандағы кәсіпкерліктің жалпы санынан 90%-дан астам шаманы құрайтын шағын бизнес субъектілері үшін ғана ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою шегін төмендеткенде 500 мыңнан астам шағын кәсіпорындар үшін салық жүктемесінің 2 есе дерлік өсетіні, ал сатуға 5% салық енгізгенде орташа алғанда жүктеменің 3 есе өсетінін көрсеткенін атап өтудің өзі жеткілікті. Салық режимдерін оңтайландырумен байланысты барлық шараларды бірге енгізу, сатуға салық пен бөлшек салықты енгізу шағын кәсіпкерлікке салық ауыртпалығының 7 есе артуына алып келеді.

Импортталатын тауарларға жөнелтпе құжаттарды енгізу шешімі кәсіпкерлер үшін өндірістік емес шығындардың айтарлықтай ұлғаюына алып келеді. Ал алдын-ала ақпаратты ұсынбау немесе ұсыну мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу тасымалдаушылардың жауапкершілікке негізсіз  тартылуына әкеліп, шекарадағы әкімшілік кедергілер саны артады, сондай-ақ жүктерді тасымалдау кезіндегі шығындар өседі.

Бір жыл бойында салық саясаты мен салықтық, кедендік әкімшілік етуге байланысты барлық жаңа қағидаларды талқылау белсенді түрде жүрді, кәсіпкерліктен шоғырландырылған ұсыныстар дайындалды. Алайда, бүгінгі күні концептуалдық сипаттағы аталмыш ұсыныстардың көп бөлігін мемлекеттік органдар елемей отыр.

Өкінішке орай, бизнес-қоғамдастық келіспей отырған ұсынылған шаралардың көп бөлігі ел Парламентінің қарауында жатырБастамалардың тағы бір бөлігі еліміздің жоғарғы заңнамалық органында талқылауға дайындалуда.

Демек келесі жылдың басында осынша асығыс қабылданған шешімдердің «жемісін көре» бастаймыз.

Бұл жағдайда жақын келешекте көптеген кәсіпорындардың қызметін тоқтатуы, не болмаса «сұрқай схемаларға» оралуы жоққа шығарылмайды.

 

Құрметті депутаттар!

Бізкәсіпорындар мен бизнес-қауымдастықтар басшылары бизнес-қоғамдастық атынан депутаттық корпустың салық саясаты мен әкімшілік етуді күшейтумен байланысты біздің қауіптенулерімізге назар аударылуын және заңдарды қабылдау кезінде бизнестің де, күллі қазақстандық қоғамның да мүддесінде заңдардың барлығы арналып жазылатын елдегі кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікірін ескеруді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер