astana-view

Айгүл Соловьева: «Салық Кодексіне жасалатын өзгертулер Қазақстандағы шағын бизнестің түбіне жетуі мүмкін!»

2015 жылғы 15 Қыркүйек
11825 просмотров

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының жанындағы Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі кеңестің төрайымы Айгүл Соловьева ҰКП-да өткен қоғамдық тыңдауларда осындай ой айтты.

Оның айтуынша, салық органдары ұсынатын бастамалар бизнестің дамуына мүмкіндік беретін ынталандырулар мен түрткілерден бастау алуға тиіс. Егер салық органы әлеуметтік құрамдастардың толықтырылуына назар аударатын болса, онда олар мұның таразы екенін түсінуге тиіс. Шын мәнісінде қазіргі экономикалық жағдайға онша барабар бола қоймайтын аталмыш шаралар ертең бюджет табысының төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Қазақстанда сатылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер, сонымен қатар импортталатын тауарлар құнынан 5% мөлшерлемедегі сатуға салықты алу схемасы кәсіпкерлерді оны енгізгендегі бірқатар түйткілдерге алып келуі мүмкін.

Сатуға салынатын салықты алу кезінде әрбір сатып алу-сату операциясы кезінде өндірістік-коммерциялық тізбектегі 4-6 делдалдық тізбек болуымен қиындай түсетін «каскадты» әсер туындайды. Себебі сатуға салық сатып алуда тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құнына қосылатын болады, өнімнің өзіндік құны өседі. Салық бөлігінің бұлай жүктелуі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің соңғы тұтынушысы үшін қолайсыздық тудырады.

«Содан «каскад» әсерін ешқашан да жасай алмайсыз – үнемі айыппұлдар салынып, салықтар көтеріле береді. Бірақ бюджеттің әлеуметтік құрамдасы сіз жоспарлаған мөлшерде орындалмайды. Себебі бизнес те жауап қататын болады!», - деп мәлімдеді Айгүл Соловьева.

Оның ойынша, бір салықтан келесісіне ықтимал көшу мәселесі бойынша қандай да бір түсіндірулер жоқ кезде сатуға салықты енгізу ақырында салық салудың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және бизнес субъектілерінің күйгелектенуін тудырады.

«Бұл түзетулерді не үшін енгізіп жатқаныңызды түсінудің маңызы зор. Бизнесті «көлеңкеден» шығарғыңыз келе ме? Онда мүлде басқа түрткілер қажет! Менің ойымша, түсінікті болу үшін, салық салу үлгісін есептеп шығып, қарап, құрастыру қажет. Ал сіздің бұл шаралардың жалған кәсіпкерлікпен күресуде көмектесетіні жайлы дәйектеріңіз негізді болып табылмайды. Ол үшін күресетін бақылау-қадағалау органдары бар», - деп есептейді Парламент депутаты.

Оның ойынша, салық заңнамасына ойланбастан өзгертулер жасау тек бюджеттің шығынына, әлеуметтік шиеленістің өсуіне, тіпті жарылысқа да алып келуі мүмкін.

«Ақырында бұл көрсеткіштерді қабылдап, заңға енгізгендерге әсерін тргізетін әлеуметтік шиеленіс туындауына жетіп тынасыздар. Бизнесті тұншықтыру – заңсыз дүние. Ертең аталмыш табыс көзі қажет өнім бермейтін болса, мемлекеттік аппаратты асырай алмайтын жағдайға жетуіміз мүмкін. Сондықтан да жұмысқа кірісейік», - деді Айгүл Соловьева заң жобасын әзірлеушілерге қарата.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер