astana-view

ХАБАР - Жаңа салық саясаты кәсіпкерлердің наразылығын тудырды

2015 жылғы 15 Қыркүйек
4377 просмотров

Кәсіпкерлер төлеп келген қосымша құн салығын сатудан алынатын салыққа ауыстыру, пайдалы қазбалар өндірушілеріне салынатын салықты 40 есеге арттыру және жеке кіріс салығын 11 пайызға дейін ұлғайту.

2017-ші жылы енетін осындай өзгерістер еліміздің кәсіпкерлері мен бірқатар депутаттардың наразылығын тудырды. 

Талғат Уәли, тілші

- Кәсіпкерлер Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері әзірлеген заң жобасына үзілді-кесілді қарсылық білдіруде. Олардың айтуларынша, қосымша құн салығын сатудан алынатын салыққа ауыстыру, пайдалы қазбалар өндірушілеріне салынатын салықты 40 есеге арттыру мен жеке кіріс салығын 11 пайызға дейін ұлғайту бюджеттің бүйірін бұлтитқаннан бұрын, отандық кәсіпкерлікті түп тамырымен жойып жіберуі мүмкін дейді.  

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰҚП Басқарма Төрағасы

-Баға және салық саясатында мұндай түбегейлі өзгерістер жасауға болмайды. Мемлекеттік органдар «біз салық саласында ұзақ жылдар бойы өзгерістер енгізген жоқпыз» дегенді желеу етеді. Мүмкін оны да жетістік деп түсіну керек шығар. Салық саласы бір ізге қойылған болса, оған өзгеріс енгізудің не керегі бар?

Талғат Уәли, тілші

-Кәсіпкерлер қазынаны толтыру үшін салықтық түсімдерді арттыра бермей, бюджеттік шығындарды қысқартқан абзал дейді. Мұнысын депутаттар да қолдады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Қосымша құн салығын сатылған тауар салығына ауыстыру қандай да бір мәселені шешеді деп ойламаймын. Керісінше, бұл бизнес қауымдастықтың жағдайын қиындатып жіберері анық. Бұл импорттық тауарларды әкелушілерге тиімді де, отандық өнім өндірушілерге кері әсерін тигізеді. Нәтиежесінде біз жүз пайыз доллар мен импортқа тәуелді боламыз.

Егер бұл өзгерістер күшіне еніп кететін болса, таяқтың бір ұшы елдегі инвесторларға да тиеді екен. Себебі әлемде қосымша құн салығынан бас тартып, орнына сатудан алынантын салықты енгізген бірде-бір мемлекет жоқ екен. 

Элигиус Сурвилла, инвестор

-Мен инвестор ретінде айтар болсам, салық инспекциясы қоятын салықтың мөлшері менің табысыма сай емес. Егер бұлай жалғаса берсе, мен бұл елден кетуге мәжбүр боламын. Басқа амалымыз жоқ. Ғани Өтепбайұлы, жүргізуші -Депутаттар мен кәсіпкерлер заң жобасының әлі де болса шикі екендігін дәлелдеген екен. Бұған жауапты министрлік басшылары не дейді? Бизнесмендердің өтініштері ескеріледі ме?

Талғат Уәли, тілші

-Заң жобасын әзірлеген ведмство басшылары депутаттар мен бизнесмендердің бүгінгі базынасынан кейін біраз дүниені ескереміз деп отыр. Енді тараптар заң жобасының олқы тұстарын мәжілістің жұмыс тобымен талқылайтын болады.

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары

-Біз бұл заң жобасын әзірлегенде, кәсіпкерлердің де пікірін білген болатынбыз. Сол кезде ешқандай ұсыныстарын айтқан жоқ еді. Десе де, бұл әлі заңның жобасы ғана. Әлі өзгерістер енуі мүмкін. Талқылап, ортақ шешімге келеміз деген ойдамын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер