astana-view

Контейнерлермен тасымалдау тиімділігі арта түсуде

2015 жылғы 22 Қыркүйек
12772 просмотров

Алматыда контейнерлік тасымалдаулардың даму келешегі талқыланды

Аталмыш мәселені талқылауға қазақстандық жүк тасымалдаушылармен бірге балтық жағалауынан келген, сонымен қатар ресейлік әрі белорустық әріптестер қатысты.

Транзиттің жаңа тарихы 2011 жылы Чунцын-Дуйсбург бағыты бойынша тасымалдаулардың іске қосылуынан басталған еді. Сервис айтарлықтай сұралатын болып шықты. Темір жолшылар клиенттердің қажеттіліктеріне түсіністікпен қарап, жыл сайын жаңа бағыттар ашып отырған.

Үстіміздегі жылдың 8 айында 16786 ЖФЭ контейнер тасымалдары көлемімен 196 пойыз жөнелтілген. Бұл 2014 жылғы осындай кезеңдегіден екі есе дерлік артық. Контейнерлік пойыздардың негізгі қозғалыс бағыттары Чунцин (ҚХР) – Дуйсбург (Германия), Чженгжоу (ҚХР) – Гамбург (Германия), Ченду (ҚХР) – Лодзь (Польша), Ухань (ҚХР) – Пардубице (Чехия) болып табылады.

Қазір көптеген халықаралық компаниялар темір жол транзиттік тасымалдаударының басымдылығын тиісті түрде бағалап отыр. Негізінде, бұл қымбат тұратын тауарлар өндірушілер: электроника, компьютерлер, автомобильдер және басқалары.

Қазақстанның Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының бас директоры Илья Сегал атап өткендей, Қытайдан Еуропаға және кері қарай темір жолмен тауар жеткізіп беруге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруды дамытудың қазіргі кезеңінде мұндай тасымалдаулардың шарттары жайлы нарық қатысушылары мен жүкті жөнелтушілердің жалпылай хабардар болуынсыз мүмкін емес.

«Жүкті жөнелтуші, экспедитор жеткізу уақыты туралы, қандай құжаттар керектігін, жеткізіп беру кестесінің орындалуы қаншалықты сенімді екенін, қызмет алу үшін кімге жүгіну керектігін және жолда туындайтын түйткілдерді кіммен шешу керектігін, жүктің сақталуы мен кешігуі үшін кімнің қанша мөлшерде және қалай жауап беретінін білуге тиіс», - деп түсіндірді ҚҰЭҚ басшысы.  

Оның айтуынша, контейнерлермен тасымалдау тиімді бола түсуде. Қазақстан мен Орталық Азия контейнерлік нарығының логистикасы контейнер паркінің бос сапарды оңтайландыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жүктерді тасымалдау мерзімін қысқарта отырып, алғашқылар нарыққа жаңа үлгілерді жеткізіп беру уақытын қысқартады, екіншісі кері капиталды оңтайландырады.

«Экономикадағы тұрақсыздық біздің клиенттерімізді бизнес тиімділігін көтеруге мәжбүрлейді. Сондықтан да жаңа транзиттік сервиске деген қызығушылық өсе береді», - деп есептейді Илья Сегал.

Біріккен көлік-логистика компаниясы (БКЛК) отырысқа қатысушыларға 2020 жылғы жүк ағындарының мақсаттық үлгісін таныстырды. БКЛК – бұл үш темір жол компаниясы құрған құрылым: ресейлік, қазақстандық және белорустық. БКЛК 67 жүк терминалынан тұратын желіні басқарады. Оның ішінде 5 мемлекеттік шекараларда орналасқан. Бұл: Забайкальск, Достық және Алтынкөл -Қытаймен шекарада; Брест және Добра - Еуропалық одақпен шекарада.

Ұсынылған мақсаттық үлгіге сәйкес, БКЛК жиынтық тасымалдаулары 4, 2 млн. ЖФЭ (контейнерлердің тасымалдау көлемінің өлшем бірлігі) құрайды, оның ішінде Қытай-ЕО және ЕО-Қытай транзитіне сәйкесінше 12% және 9% құрайды. БКЛК қосымша транзиттік бағыты ТРАСЕКА болып табылмақшы. Ақтау порты арқылы қатынаста Қазақстанның темір жолдарымен тасымалдаудың болжамды көлемі шамамен 150 мың ЖФЭ құрайды. Вагондардың бос жүруі 32 %-дан аспайды деп күтілуде. Оңтайландыруға шығыс бағыттағы қарама-қарсы тасымалдаулар есебінен және импортық әрі республика ішілік тасымалдаулар үшін фитингілік тұғырнамалар жағынан қолданумен қол жеткізіледі.

«Кедентранссервис» АҚ президенті Эдиль Искаков өз кезегінде жүк тасымалдаушыларға oneway (КДТС есебінен қайтару) шартында ҚХР-ға контейнерлермен қамтамасыз ету жөніндегі сервис ұсынды. Ол сонымен қатар жаңа бағыттар бойынша контейнерлік пойыздардың іске қосылатыны туралы хабарлады: Үрімші - Кресты, Үрімші - Ховрино, Ухань - Формачево.

БКЛК аралас паркі жұмысының аясында Қазақстан аймағына жақын жатқан РФ өңірлері бағытында вагондарға жүк тиеуді ұйымдастыру есебінен қызметтің операциялық тиімділігі көрсеткішін жақсарту және бос жүрулер үлесін төмендету жоспарланып отыр. Бұл жүк тиелген сапарларды 88% дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

«Кедентранссервис» АҚ енгізген басқарудың автоматтандырылған жүйесі вагондардың орналасуы туралы ақпаратты тәулігіне 8 рет ұсынуға, сонымен қатар вагондарды тапсырыстарды қамтамасыз етуге жіберуді тиімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүйе сонымен қатар тапсырыстарды және артық тиелу, терминалдық желі, экспедициялау және операциялар жүргізу қызметтеріне тарифтер мен мөлшерлемелерді есептеуді қашықтықтан жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2015 жылғы сәуір айында Астана қаласында Клиенттік сервис орталығы ашылды. Ол бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасайды және тасымалдаудар процесі мен терминалдық операцияларда клиенттің қатысуынсыз қызмет көрсету мүмкіндігін береді.

2015 жылғы 29-30 қыркүйекте контейнерлік тасымалдауларды дамыту мәселелері ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдаулар комитеті мен «KAZLOGISTICS» ҚКО Көлік логистикасы жөніндегі үйлестіру комитетінің бірлескен отырысында талқыланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер