astana-view

Адал ниетті жұмыс берушілер тексерілмейді

2015 жылғы 30 Қыркүйек
8943 просмотров

Мемлекет жұмыс берушілерге көбірек сенім артып, олардың еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды барынша азайтпақшы

Мәжілістің алқа отырысында депутаттар мақұлдаған Еңбек кодексінің жобасында осындай норма көзделген. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жобаны таныстыра отырып, заң жобасының жұмысшылардың жалдау, ауыстыру және жұмыстан шығару процедураларын жеңілдететінін атады. Құжатта сонымен қатар базалық еңбек кепілдіктері мен жұмысшылар құқықтары оларды жасалатын жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы, құқықтары мен мүдделерін қорғау тәсілдері арқылы кеңейту мүмкіндігімен жазылған. Сонымен қатар, адал ниетті жұмыс берушілер үшін еңбек инспекциялары ағымдағы ахуал туралы есептілікті барынша азайтуы мүмкін.

«Егер жұмыс беруші еңбек заңнамасының барлық талаптарын сақтайтыны жайлы ерікті декларация ұсынып, және де жергілікті атқару органдары осы жағдайдың шынайылығын анықтайтын болса, онда заңда үш жыл бойында оны жоспарлы тексерістерге қоспау көзделеді», - деді министр. Бірақ кәсіпорындардағы заңға қарсы әрекеттер туралы белгі түскен жағдайда еңбек жөніндегі инспекторлар тексеріспен келеді.

Дайындаушылар енгізген бірқатар басқа нормаларды дағдарысқа қарсы деп атауға болады. Мысалы, жұмыс орындарын сақтау үшін жұмыс берушіге кәсіпорын тоқтап тұрған кезеңде жұмысшыларды уақытша ауыстыру мерзімін (бір ай орнына) орнатуды ұсынады. Сонымен қатар кәсіпорын тұрып қалған жағдайда жұмысшыларды денсаулығы бойынша жұмыс жасауға қарсы көрсетілмеген кез-келген бос орынға ауыстыруға рұқсат беріледі. Жұмыс беруші бастамасымен «ұйымның экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген, өндіріс, орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызмет көлемінің төмендеуіне» сілтеме жасай отырып, еңбек шартын бұзған жағдайда, жұмысшыға өзін қандай негіздемемен жұмыстан шығарып жатқанын түсіндіруді талап ету құқығы беріледі. Заң жобасында сонымен бірге жұмысшыларды қысқарту нақты мән-жайлар бір уақытта орын алғанда ғана мүмкін болатыны көрсетілген. Бұл құрылымдық бөлімшенің жабылуы, жұмысшыны басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы, кәсіподақтың кем дегенде бір ай бұрын еңбек шартын бұзуға негіз болған экономикалық себептерді көрсетумен жасаған жазбаша хабарламасы. Бұл жағдайларда жұмысшылар екі айлық еңбекақы мөлшерінде өтемақы алуға құқылы, деп аталған заң жобасында.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер