astana-view

Абылай Мырзахметов: «Мемлекеттік органдар бизнестің алаңдаушылығын түсінеді»

2015 жылғы 01 Қазан
10310 просмотров

ҰКП алаңында салық саласындағы реформамен байланысты мәселелер талқыланды

Осы және басқа да мәселелер «Атамекен» Пікірталас клубының кезекті, алтыншы отырысының басты тақырыбына айналды. Отырыста экономика саласындағы сарапшылар, кәсіпкерлер жаңа салық ережелерін енгізу мәселелері төңірегіндегі көзқарастарымен бөлісті. ҚР ҚМ мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин да клуб жұмысына белсенді түрде ат салысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасысының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов іс-шара модераторлығын қолына ала отырып, «Палатаның өз мойнына алған сұхбат алаңына айналу миссиясының біртіндеп іске асып жатқанын» атады.

«Барлық тараптардың ұстанымы түрліше болып, не болмаса көпшілік алдында қарсы пікірі білдірген кезде, пікірталас қызығы арта түседі. ҰКП Үкіметте, Мәжілісте өтетін барлық жиналыстарға, көптеген мәселелерді талқылауға қатысып отырады», - деді Абылай Мырзахметов.

«Дәулет Ерғожин (МТК төрағасы – авт.) – шақыруды алғаш боп қабылдап, келіп, өз ұстанымын ашық баяндауға, қарсы пікір айтуға, тыңдауға дайын екенін білдірді. Айтқанымызды тыңдатуға және осы жаңалықтар бойынша ойымызды жеткізуге біздің де мүмкіндігіміз бар», - деді ҰКП басқарма басшысы.

Ол сонымен бірге «Ұлттық палатаның Үкіметтің толғағы жеткен салық реформалары тұрғысындағы дәйектерін түсінетінін (дегенмен қазір оның уақыты болмаса да), Мемлекеттік табыс департаментінің салықтардың 2009 жылдан бері өзгермегені жайлы дәйектері де түсінікті екенін» атап өтуді ұмытпады.

Дей тұрғанмен, Абылай Мырзахметовтың ойынша, «ҚҚС шегін төмендетудің уақыты баяғыда жеткен, бірақ оны біртіндеп жүргізу қажет».

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов өз кезегінде ҚҚС бойынша шекті төмендету мәселесін ресейлік салық органдарымен үйлестіруді ұсынды. Онда, РФ Салық кодексінің бабына сәйкес, ҚҚС төлеу бойынша шек 8 млн рубль мөлшерінде белгіленген, ол 30 млн теңгені құрайды. 

«Негізінде, сұхбатқа дайынбыз. Егер кірісіп, әкімшілік ету жөніндегі мәселелерді жасап шығар болсақ, іс-шаралар жоспарын даярлаймыз. Яғни түсіндіру және үйрету бойынша кең көлемді жұмыс жүргізіледі, сонымен бірге қызметкерлеріміз барлық қалаларға барып, жаңа салық саясатын енгізу бойынша түсіндірулер жүргізеді», - деп мәлімдеді Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

Оның айтуынша, даулы мәселе: жаңалықтарды қашан енгізу қажет – 2017 жылғы 1 қаңтардан ба әлде 2016 жылғы 1 қаңтардан ба. «Біз 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу керек деп есептейміз. Неге одан бұрын емес? Біріншіден, салық төлеушілер кейін зардап шекпес үшін, барлық жүйелерді даярлауымыз керек. «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірге процедураларды жеңілдету жөнінен көптеген мәселелерді қарап шығуымыз керек», - деп атады МТК басшысы.

«Үкімет бизнестің алаңдаушылығын түсінеді. Жай ғана бас тарту және сынау – бұл ең оңайы. Бірақ бүгінде күрделі экономикалық ахуал орын алып отыр, сондықтан да Үкіметтің мінсіз шешімі де жоққа тән деген ой келеді. Мұндай жағдайда жаңалықтар мен ұсынылған реформалардың жағымды және жағымсыз тұстарын жан-жақты талқылаудың маңызы зор», - деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер