astana-view

Нотариусқа бару азая ма?

2015 жылғы 19 Қазан
8922 просмотров

ҰКП Парламентке заңға жасалатын құжаттарды нотариалдық куәландыру жөніндегі талаптардың күшін жоюға қатысты түзетулерін енгізді

Ендігі жерде, зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметтерді қоспағанда, құжат көшірмесін салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып ұсынсақ жеткілікті.

Қазірде мемлекеттік қызмет ұсыну кезінде көп жағдайларда нотариалдық куәландырылған құжаттар көшірмесін ұсыну талап етіліп жатады.

Осының бәрі, нотариалдық қызметтер құнының жоғарылығын ескергенде, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да едәуір салмақ түсіреді.

2014 жылы «Атамекен» ҰКП бастамасымен бірқатар заңнамалық актілерге құрылтай құжаттарының, сонымен қатар заңға қосымша актілердің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсыну туралы норманың күшін жою жөнінен өзгертулер енгізілді.

Аталмыш түйткілді біржола шешу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық заң - «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес талаптарды енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

Сөйтіп, ҰКП бастамасымен аталған жаңа енгізілім «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына кіргізілді (аталмыш заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісі қабылдады және қазірде Сенатта жатыр). Аталмыш заң қабылданғаннан кейін ҰКП норманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету үшін құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынуды көздейтін заңға қосымша актілерге өзгертулер енгізу бойынша жұмыс жүргізетін болады (мемлекеттік қызметтер стандарттары мен реттемелері, түрлі қағидалар және басқалары).

Сонымен, зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметтерді ұсынуды қоспағанда, мемлекеттік қызмет алу кезінде құжаттың қарапайым көшірмесін салыстыру үшін түпнұсқамен бірге ұсыну жеткілікті болады. Бұл шектеу жеке тұлғаларды алаяқтық әрекеттерден қорғаумен шартталған.

Құжаттарды нотариалдық куәландырудың күшін жою кәсіпкерлердің айтарлықтай қаражатын үнемдеуіне сеп болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер