astana-view

Қызылордада ҰКП филиалы жастарды жұмыспен қамтуда

2014 жылғы 04 Наурыз
2658 просмотров

Қызылордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті өкілдігінің алаңында бизнесмендер жастарды кәсіпке баулу және жұмыспен қамту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне өкілдіктің баспасөз хатшысы Ботагөз Жүсіп мәлімдеді.

«Жастарды еңбекпен қамту саласындағы аймақтағы жағдай қиын, - деді ол. – Мамандардың айтуынша, білім беру деңгейінің төмендігі, төмен кәсіби біліктілік, өндірістік тәжірибенің жоқтығы, еңбек нарығындағы сұраныс жағдайы туралы нашар ақпараттандырылуы, жоғары бәсекелестік, жастардың жаппай еңбек миграциясы, жұмыс іздеушілердің жоғары жалақы талап етуі – жастарды сәтті жұмысқа орналастырудың негізгі кедергілері. Біз бизнесмендер мен жастар арасында кездесулер өткіземіз. Осы кездесулерде кедергілерді талқылап, оларды жойып, жастарды нақты жұмыс орындарына орналастырумен айналысамыз».

Дерекнамасы: BNews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер