astana-view

Кездейсоқ қателік үшін салынған айыппұл

2015 жылғы 30 Қазан
9749 просмотров

Кәсіпкер бюджеттік сыныптама кодындағы (БСК) бір санды шатастырып алып, оған бес саннан тұратын айыппұл салынып отыр

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Липинский Жеке кәсіпкерлігінің иесі Рудный қаласы бойынша мемлекеттік табыс басқармасына шағыммен жүгінді. Бизнесменнің айтуынша, мемлекеттік орган одан 93344 теңге сомасындағы орындалмаған салық міндеттемесі сомасынан 30% мөлшердегі айыппұл талап етіп отыр. Алайда Липинский 311148 теңге сомасындағы импортқа салынатын қосылған құн салығын толық көлемде төлеген, тек БСК жазатын жерде 105109 орнына 105105 деп жазып жіберген екен. Сонымен қоса, қателікті байқаған кәсіпкер күллі соманы 105109 БСК-ға қайта жібереді.

«Қате БСК-ға салық сомасының толық төленуі жеке кәсіпкерліктің төлем жасамауды, жартылай төлеуді немесе жанама салықты Қазақстан Республикасы салық заңнамасында белгіленген мерзімі келгенде уақытылы төлемеуді ойламағанына куә болады», - деп ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті жағдайға түсінік беріп кетті.

Бизнесмен мемлекеттік табыс басқармасының қаулысына сот тәртібінде шағым бергенмен, ол қараусыз қалады.

Ұлттық палата өз кезегінде ҚР Бас прокуратурасына хат жолдады. Нәтижесінде мемлекеттік орган қарсылық енгізіп, ҚР Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот қадағалау алқасы  Липинскийге қатысты қаулының күшін жойып, оның әрекетінде әкімшілік құқық бұзу құрамы жоқ болуына орай іс жүргізу тоқтатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер