astana-view

Доллар 300 теңге болды

2015 жылғы 05 Қараша
9682 просмотров

Астаналықтар америкалық валютаның кенет қымбаттауына алаңдамайтын сияқты

Бүгін Астананың айырбастау орындарында долларды сату бағасы психологиялық тұрғыдан маңызды шегінен асып түсіп, 300 теңгеге жетті. Теңгенің долларға шаққандағы орташа өлшенген бағамының жаңа антирекордының астаналықтардың бәрін бірдей шошыта қоймағаны қызығушылық тудырады. Осы фоторепортаж дайындалған уақыт ішінде тілші бірде-бір бос тұрған айырбас орнын таба алған жоқ. Барлық жерлерде шағын болса да, ұлттық валютаны шетелдікке айырбастағысы келетіндердің кезегі болды.

Орташа алғанда, долларды 298,5 теңгеге сатып алып жатыр. Сату - 300 теңге. Осы сағаттарда ең жоғары ауырбастау және қолма-қол ақша беру қызметі байқалып отырған Республика даңғылында орналасқан айырбастау орындарындағы деректер осындай.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер