astana-view

Мемлекеттік сатып алулардың жаңа ережелері пайда болады

2015 жылғы 11 Қараша
9389 просмотров

Мәжіліс Сенатқа сәйкес заң жобасын жіберді

Қазақстандық мемлекеттік сатып алулар жүйесі әлеуетті қатысушылары үшін біршама ашық, әділетті әрі қолжетімді болуына арналған 300 түзету жасалмақшы. Парламент Мәжілісінің алқа отырысында депутаттар мақұлдаған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасы осынша нормадан тұрады.

Аталмыш заң жобасын сенімді түрде көптен күткен деп атауға болады, себебі мемлекеттік сатып алулар әзірше ең көп сыналатын тақырыптардың бірі болып отыр. Және де, кемшіліктерді ең алдымен мемлекеттік тапсырыс алу мүмкіндігі бизнесін сақтап қалудың ғана емес, күрделі экономикалық жағдайда аман қалудың жалғыз мүмкіндігі болып отырған шағын бизнес өкілдері көрсетіп отыр. 

Сонымен, мемлекеттік сатып алулар жүйесін өзгерістер күтіп тұр. Әрбір түзету назар аударуға тұрарлық, алайда ең  маңыздысын сөз етейік. Сөйтіп, заң жобасында техникалық спецификацияны алдын-ала талқылау институты енгізіледі, байқаудан тыс процедураларға қойылатын талаптар күшеюде, шарт жасасудың тек электронды форматы ғана, тауарды жеткізу туралы электронды жүкқұжат, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілерінің электронды нұсқасы және электронды шот-фактуралар енгізілуде. Әлеуетті жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін біршама тиімді қорғау үшін заң жобасында тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші арасында дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін енгізу ұсынылған. Бұл тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алулар процедурасын шағыммен келіскен, не болмаса бұзуды өз бетінше анықтағанда күшін жою құқығын алған жағдайда мүмкін болады. Онда мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағымдану үшін мерзім белгіленіп, ол уақыт бойында шарт жасасуға жол берілмейді. Заң жобасында сонымен қатар уәкілетті органға шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізушілерді Мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушылар тізілімін қосу құқығын беру ұсынылады. 

Заң жобасын Қаржы министрлігі дайындады. Бүгін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік сатып алулар үшін жаңа ережелер қабылданғаннан кейін күтілетін әсер жайлы журналистерге түсінік бере отырып, оптимистік көзқарасын білдірді. Министр берген деректерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар сайтына тіркелген тұтынушылардың 98,7%-ы – бұл осы шағын бизнес субъектілері. «Егер ШОБ туралы айтар болсақ, негізге алынған барлық қосымшалар – электронды формалар, шарттарды даулау жөніндегі мүмкіндіктер және байқау құжаттамасын алдын-ала талқылау жөніндегі қосымша мүмкіндіктер – мұның бәрі барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жасалып отыр (мемлекеттік сатып алуларға – Авт.)» - деді Бақыт Сұлтанов.  

Заң жобасы екінші оқылымда қабылданып, Сенат қарауына жіберілді.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер