astana-view

Қазақстанға балықты қалай жеткіземіз?

2015 жылғы 14 Қараша
12362 просмотров

Қазақстандық кәсіпкерлер ресейлік кеденшілер әрекетінің салдарынан шығын шегуде

«Атамекен» ҚР ҰКП Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен келе жатқан жүктерді Қазақстанға жеткізу кезінде орын алатын қиындықтарға алғаш рет көңіл аударып отырған жоқ.

Қазақстан географиялық жағдайына қарай РФ аумағымен тасымалдауға тәуелді, себебі бұл тауарларды Еуропалық одақ елдерінен Қазақстанға жеткізетін ең оңтайлы жол. Тауар жеткізудің жөнге салынған тәсілдері мен көптеген жылдар бойында қалыптасқан бағдарлар бертінге дейін үзіліссіз жұмыс жасап, импортшыдан бастап тасымалдаушыға дейінгі түрлі деңгей кәсіпкерлерінің бизнес-процестерді жоспарлауына және тиімді жеткізу тізбегін құруына мүмкіндік беріп келген еді.

Алайда РФ санкциялық саясаты қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметіне салмақты сызат түсіріп отыр. Ресей ФКҚ қазақстандық тасымалдаушыларға қатысты алғашқы «қауіпті белгісі болған: үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап санкциялық тізім ықпалына түскен жүктердің барлығы үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бері РФ аумағынан өту жолының бойында бірнеше мәрте 100% кедендік тексерістен өтеді. Қазақстандық тасымалдаушылар ресейлік өлшемдер бойынша санкциялық жүкті Қазақстанға РФ аумағымен транзитпен жеткізу үшін, мынадай міндетті процедуралардан өтеді:

  • ЕАЭО сыртқы шекарасында жүкті толық 100% кедендік тексеру;
  • РФ кеден органдарының Қазақстанға барар жолда РФ кедендік органдарында белгілерді міндетті қойылатын жүру бағдарын орнатуы (аз дегенде бір бекет, ережеге сай - екі);
  • РФ кеден органдарының сыртқы шекарада орнатқан пломбаларымен РФ аумағымен келе жатқан жүкті қайтадан 100% кедендік тексеру.

РФ заңнамасының заңнамасы тасымалдаушылардың жүру бағдарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтінін түсіну керек, сондықтан да қазақстандық тасымалдаушылар жүкті Қазақстанға экономикалық пайда тұрғысынан емес, түптеп келгенде ЕАЭО аумағымен жүкті тасымалдауды жүзеге асырудың одан арғы мүмкіндігін басшылыққа ала отырып жеткізеді.

Қазақстандық кәсіпкерлер жүкті автомобиль көлігімен транзиттеу кезінде туындайтын қиындықтардың күллі секторына баға бере отырып, көліктің бұл түріне РФ кеден қызметтерінің осыған рұқсат шаралары таралмайды деген үмітпен, тасымалдауларды мүмкіндігінше ішінара темір жол көлігіне қайта бағдарлады.

Алайда Қазақстанға санкциялық тізімге кіргізілген тауарларды уақытында жеткізу жөнінен бірде-бір көлік түрі кепілдік бере алмайтын болып шықты.

Мұнда мәселе тауардың Қазақстанға қалай жеткізілетіндігінде ғана емес, қандай құжаттармен жеткізілетіндігінде екен.

Ветеринарлық бақылауға тиесілі өнімді жеткізуде аса қызықты жағдай қалыптасып отыр. Үстіміздегі жылдың тамыз айында «Атамекен» ҚР ҰКП-ның бақылаудағы өнімге қатысты бір жақты шараларды енгізуді реттейтін нормативтік-құқықтық базаны көрсете отырып, норвег балығын әкелуге салынған тыйым жөнінен түсініктер беріп кеткенін еске саламыз.

Ұлттықтың үстіндегі заңнаманың кейбір нормаларының бір мүше мемлекеттің бақылаудағы өнімін ЕАЭО барлық мүше мемлекеттеріне әкелу бойынша тыйым салу шараларын таратуға мүмкіндік беретінін түсіну керек. Тәжірибеде біздің кәсіпкерлер бұл тетіктің өте жақсы жұмыс жасайтынына көз жеткізді.

Осы аптада «Атамекен» ҚР ҰКП-ға Балтық бойы кәсіпорындарында өндірілген жаңа мұздатылған майшабақ пен шабақты Қазақстанға жеткізуге тырысқан отандық кәсіпкерлерден (Тарасов ЖК, «Проэдванс»  ЖШС) өтініш келіп түсті. Барлық қажет сертификаттар мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінен рұқсаттардың болуына қарамастан, ЕАЭО сыртқы шекарасын кесіп өту кезінде Қазақстанға арналған өнім РФ темір жол кедендік өткізу бекетінде ЕАЭО аумағына әкелуге жіберілмеген.

ҚР АШМ тұлғасындағы қазақстандық уәкілетті органдардың тарапынан қолданылған барлық талпыныстар түйткілді шешпеді: «Проэдванс» ЖШС вагоны кері Латвияға қайтарылды, ал Тарасов ЖК жаңа мұздатылған шабақ салынған контейнері үстіміздегі жылдың 2 қарашасынан бері Латвиядағы Резекне темір жол станциясында тұрып қалған. Кәсіпкерлеріміздің қандай шығын шегіп, алда оларды қандай шығыстар күтіп тұрғанын аңғаруға болады.

Кәсіпкерлердің ветеринарлық өнім тасымалдау кезінде туындайтын түйткілдерін өз бетінше шешуі мүмкін емес: РФ кедендік қызметтері шекарада Ресей ауылшаруашылық қадағалау өкіміне сәйкес әрекет етіп жүргенін растайды, ал соңғыларға жүгінген кезде Ресей ауылшаруашылық қадағалау тарапынан Қазақстанға тауарлар әкелуге ешқандай тыйымдар мен шектеулер қойылмағаны жайлы мәлімдемелер естіледі.

Кәсіпкерлеріміз Қазақстан мен Ресей ветеринария саласындағы уәкілетті органдар арасында аталмыш мәселелер бойынша ынтымақтастық жөнінен байланыстың жоқтығының ғана емес, Ресей ФКҚ және Ресей ауылшаруашылық қадағалау арасындағы тиімсіз әрекеттестіктің құрбаны болып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер