astana-view

Жаңадан енгізілген «Платон» төлем жүйесі

2015 жылғы 25 Қараша
12505 просмотров

Ресей Федерациясында тасымалдаушылардың құқығын кемсітетін жаңа алымдар жүйесі орнатылды

15 қарашадан бастап Ресейде «Платон» төлемін алудың жаңа жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйеге сәйкес бұдан былай федералдық мәнге ие бағдармен келе жатқан, сонымен бірге РФ резиденттері болып табылмайтын тасымалдаушылардың барлығынан төлем алынатын болады. 

Аталмыш жаңалық рұқсат етілген ең жоғарғы салмағы 12 тоннадан асатын көлік құралдарының федералдық маңызға ие көпшілік қолданатын автомобиль жолдарына келтірілетін зиянының орнын толтыру мақсатында енгізіліп отыр.

Бүгінде тасымалдаушылардың бір шақырым жол үшін 1,53 рубль төлейтінін атап өтейік, алайда, жаңа ережеге сәйкес, келесі жылдың көктемінде ресейліктер тарифті 3,73 рубльге дейін көтеруді болжап отыр.

Отандық тасымалдаушылар жаңа алымдар жүйесінің іске қосылуымен байланысты түйткілдерге шағымданып та үлгерді. Сөйтіп, «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасына «ҚазАТО» Қазақстан Республикасы Автомобильмен тасымалдаушылар одағы «Платон» жүйесін енгізу салдарынан туындап отырған бірқатар кедергілер жайлы айтып жүгінді.

Анықталып отырғандай, отандық тасымалдаушыларда банк шоты деректерін енгізу мүмкіндігінің болмауы, жүйе сайтына тіркелу түйткілдері, төлем карталарын қабылдау кезіндегі іркілістер, төлемді растау кезіндегі жүйе қателіктері және басқалары сияқты айтарлықтай іркілістер үнемі туындап отырады екен.

Ресейлік алысқа қатынайтын жүргізушілер де осындай түйткілдерге ұшырасып, қарсылық акцияларын ұйымдастыруда. Сонымен, ресейлік БАҚ таратқан ақпарат бойынша, дағыстандық жүк көлігін жүргізушілер 30 қараша күні «Платон» жол жүру ақысы жүйесінің енгізілуіне жауап ретінде жорыққа шығамыз деп қорқытып отыр.

Сонымен қатар федералдық жолмен ақысыз өту кезінде 2 миллион теңгеден асатын (450 мың рубль) зор көлемдегі айыппұлдар алынады. Алайда РФ Көлік министрлігі жүйенің жетілмегендігі себебінен ресейлік тасымалдаушылардан айыппұлдардың уақытша алынбайтыны жайлы ақпарат берді.

Ал қазақстандық тасымалдаушылар болса, географиялық жағдайы салдарынан жүк тасымалдау кезінде РФ аумағымен, соның ішінде федералдық жолмен өтуге мәжбүр.

Ұлттық палата атап өткендей, жаһандық экономикалық ахуал, ЕАЭО елдері ұлттық валюталарының девальвациясы, жүктерді тасымалдау кезіндегі түйткілдер, сондай-ақ отандық автомбиль көлігінің жағдайына теріс әсерін тигізетін өзге де факторлар, жүріп өту үшін төлемнің енгізілуі, оның үстіне айыппұлдарды тек шетелдік тасымалдаушыларға ғана салу отандық тасымалдаушыларды тең емес бәсекелестік жағдайына қалдырады және Еуразиялық экономикалық одақ аумағымен жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруда кедергі болып табылады.

ҚР ҰКП осыған орай ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне аталмыш мәселені тез арада шешу қажетті деген өтініш жолдады.

Сонымен, «Атамекен» жүйенің жетілмегендігі себебінен төлем жасалмауы нәтижесінде  РФ федералдық жолдарымен келе жатқан шетелдік тасымалдаушылардың да  айыппұлдан уақытша босатылуының тепе-тең мүмкіндігін енгізуді ұсынады.

Сонымен қатар, ҰКП пікірінше, бағыт картасының төлемін қолма-қол ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар пилоттық режимде іске қосу қажет.

Аталмыш жүйемен жұмыс жөнінде сауалдар туындаған жағдайда «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне жүгінуді сұраймыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер