astana-view

ХАБАР - Кәсіпкерлерге қағазбастылық кедергі болады

2015 жылғы 27 Қараша
3966 просмотров

Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кәсіпкерлер қағазбастылық пен әкімшілік кедергілердің әлі де толық жойылмағандығын мәлім етті.

Тек биылдың өзінде 11 мың кәсіпкер құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Олар мемлекеттік сатып алу, несие рәсімдеу және өнім өткізу кезінде бірқатар түйкілдердің бар екендігін айтады. 

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері бұл мәселені шешуде құзырлы орындарға жүгінген. Нәтижесінде әкімшілік кедергілер жойылған. 

Соның арқасында кәсіпкерлердің 2,5 миллиард теңге қаржысы үнемделген. 

Дегенмен, жергілікті іскер азаматтар өнімдерді Кедендік одақ нарығына шығаруда шикіліктер барын жоққа шығармайды. 

«Сондықтан олар Одаққа мүше елдердің барлығына ортақ тауар сертификатын біріздендіру мәселесін қолға алатын уақыт жетті», – дейді.   

Игорь Шацкий, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры

- Қазір міндетті түрде сын қатаң өткізілетін тауарлардың басым бөлігінің зертханасы Ресейде. Біздің кәсіпкерлердің қарапайым матадан тіккен қолғабын техникалық регламент бойынша сынақтан өткізу үшін Ресейге апарамыз. Сондықтан осы тәріздес ұсақ мәселелерге қатысты ұсыныстарымызды біз Еуразиялық Одақ комиссиясына ұсындық. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер