astana-view

Салықтық босаңсулар

2015 жылғы 04 Желтоқсан
8471 просмотров

Салық салу мәселелері бойынша түзетулер мақұлданды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Кейбір заңнамалық актілерге салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, құжат салық саясаты бойынша түзетулер блогын көздейді. Атап айтқанда, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдың шектік мәнін 59,4 млн теңгеден 6,4 млн теңгеге дейін өзгерту; норманың әрекет ету мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту, оған сәйкес тауарды импорттау кезінде ҚҚС төлеу есепке алу әдісімен жүргізіледі; жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені үшін алым төлеудің күшін жою.

Сонымен қатар геологиялық-барлау жұмыстары кезеңінде бес жыл бойында жинақталып қалған ҚҚС қайтару, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерімен келісілген, Үкімет ұсынып отырған пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС – жер асты суларын) мөлшерлемесін тамақ өнеркәсібі үшін 1 айлық есептік көрсеткіштен АЕК 25%-ына дейін төмендету  көзделеді. Сонымен бірге тиімділігі төмен кен орындарынан өндірілетін теңгерімнен тыс қорлар бойынша ПҚӨС төлеуді роялти деңгейіне дейін төмендету көзделген.

Заңға сондай-ақ эмиссияның нормативтен жоғары көлемдері үшін төлем мөлшерлемесін көтерудің 10 еселік коэффициентін алып тастау; бағамдық айырмашылықты есепке алу бойынша түзетулерді 2009 жылға кеңейту жөніндегі нормалар кіргізілді.

Сонымен қатар отарлық мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін ауылшаруашылық нысанадағы жер телімдерінің жиынтық ауданының шектік мөлшерлерін ұлғайту, Салық кодексінің 63 тарауында көзделген ауылшаруашылық тауар өндіруші – заңды тұлғалар үшін 70 пайыздық жеңілдікті жалпыға белгіленген тәртіпке көшкен шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға да тарату көзделген.

Депутаттар құжатты қарау кезінде оған бірнеше түзетулер енгізген болатын. Оның ішінде біреуі коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусындарынан басқа алкоголь өніміне акциз мөлшерлемесін қайта қарау жөніндегі түзету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер