astana-view

I Отандық тауар өндірушілер форумына қатысушылар ел Президентіне жүгінді

2015 жылғы 04 Желтоқсан
9215 просмотров

Кәсіпкерлер «Алтын сапа» сыйлығының аясында жекелеген «Ұлы дала тауары», «Ұлы дала қызметі» номинацияларын тағайындауды ұсынды

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Биылғы жылдың шілде айында жалпы ұлттық телекөпір барысында елімізді күллі әлемге танытатын Қазақстан брендін құру қажеттігі жайлы мәлімдеген едіңіз. Ал тамыз айында «Конституция: бірлік, тұрақтылық, гүлдену», халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында сөз ала отырып, Қазақстанды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсындыңыз.

Ұлы дала елінің күшті экономикасыз күн кешуі мүмкін емес екені сөзсіз. Оған инновациялық, және жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті өндіріс іргетас боп қалануға тиіс.

Осыған орай, Қазақстанның I Тауар өндірушілер форумына қатысушылар қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бірыңғай «Ұлы дала елі» брендін жасақтауды ұсынады.

Отандық тауарлар мен қызметтерді «Ұлы дала елі» бірыңғай брендімен өркендету еліміздің халықаралық сахнадағы имиджін асқақтатуға мүмкіндік береді.

«Ұлы дала елі» белгісінің жақын арада Қазақстанды еске салатын, күллі әлемге танымал бренд – сапа белгісіне айналарына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығын өткізу аясында 2016 жылдан бастап жекелеген «Ұлы дала тауары», «Ұлы дала қызметі» номинацияларын қосуды да ұсынып отырмыз.

«Ұлы дала елі» бірыңғай брендін енгізу еліміздегі бизнес-қоғамдастықтың бырңғай сапа белгісімен ең сапалы тауарлар мен қызметтер арқылы заманауи Қазақстанды көрсетуге деген талпынысындағы сенім-үміттеріне толығымен сәйкес келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер