astana-view

24KZ - Елімізде 1 қаңтардан бастап бизнес-омбудсмен институты жұмыс істейді

2015 жылғы 15 Желтоқсан
3927 просмотров

Жаңа құрылым қызметкерлері 4 жылдық мерзімге Президент жарлығы бойынша тағайындалады. Содан кейін бизнес-омбудсмен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесіне мүше болады. Палата өкілдерінің айтуынша, биыл бизнесті қорғауға байланысты 5 мыңға жуық шағым түскен. Қазір олардың 41%-ы оң шешімін тауып отыр. Өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласына байланысты болса, одан кейін салық, мемлекеттік сатып алу мәселелері көтеріледі.

Рустам Жүрсінов, ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз өз тәжірибемізде кез келген даулы мәселелерді сотқа жеткізбеуге тырысамыз. Біз бір кәсіпкерді қолдай отырып, екіншісінің пікірін жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Біріккен ұлттар ұйымының тіркеуінен өткен арбитраждық орталық жұмыс істейді. Бүгінде бұл жоба оң нәтиже көрсетіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер