astana-view

Мектептен – бизнеске

2016 жылғы 11 Қаңтар
- Шымкент қаласы
18813 просмотров

Жас бизнесмендер оқушыларға жетістіктерінің құпияларын жайып салды

«Қандай мамандыққа оқуға барған дұрыс? Болашақта кім болу керек? Басқалар нені таңдайды?» - жыл сайын мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін осы сауалдар ең өзекті әрі қиын мәселе болып алдан шығады. Мектеп оқушылары үшін ол ерекше қиын, себебі олардың болашағы өз таңдауларына тәуелді. Елімізде мамандығы бойынша жұмыс жасамау сирек кездесетін жайт емес, күнделікті өмірге сіңісіп кеткен.

Болашақ мамандығын таңдау жолында жастарға көмектесу мақсатында Кәсіпкерлер палатасы табысты кәсіпкерлермен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсия жүргізу, кәсіптік бағдар беру кабинеттерін ашу, түрлі байқаулар өткізу және т.б. тұратын іс-шаралардың бүтін бір кешенін дайындады.

Күллі әлемде оқушылардың мамандық таңдауы мектеп қабырғасынан бастау алады. Олар мектеп қабырғасынан шыққан кезде кім болатындарын және қайда жұмыс жасайтындарын нақты білмейді. Бүгінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Кәсіптік бағдар беру орталығымен бірге шымкенттік мектептер оқушыларының арасында «Мен болашақ кәсіпкермін» қалалық бизнес-идеялар байқауын өткізетіні жайлы жариялады. Оқушылардың бойында кәсіпкерлік әлеуеттің дамуына бағытталған жоба 2016 жылғы қаңтар және мамыр айларында өтеді. Жобаларды іріктеу критерийлері бизнес-идеялардың жаңалығы мен инновациялық құрамы, коммерциялық әлеует және бизнес-идеялардың жүзеге асырылуы, сонымен қатар жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы болмақшы.

Байқаудың сараптау комиссиясы үздік 100 бизнес-идеяны іріктеп алады. Қорытынды шығару және байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қалалық мектепаралық балда өтеді. Байқау жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

«Жоба барысында мектеп оқушылары нарықтық экономика, кәсіпкерлік жайлы хабардар болып, бизнес жүргізуде өздерін практикада сынап көруі үшін, үздік сарапшыларды шақырдық, - деп мәлімдеді Кәсіптік бағдар орталығының директоры Шолпан Қалжанова. – Бұл жоба оқушылардың кәсіптік жол табуына көмектеседі деп есептейміз».

Бизнес-идеялар байқауы бірнеше кезеңмен өтеді: бизнес-жоспарлау дағдыларынан үйретуден және бизнес-тәлімгерлердің бизнес-жоспарлар жасауынан бастап жобаларды қорғауға және таныстыруға дейін. Тренингтер бағдарламасы мектеп оқушыларын нарықтық экономика, бизнес-жоспарлау, ынталандыру және топта жұмыс жасау негіздерімен таныстырады. Ол сонымен қатар тәлімгерлер компаниясында болып, оның қызметімен танысудан да тұрады.

«Аталмыш байқау – Палатамыздың оқушыларға кәсіптік бағдар беру орталығымен бірге өткізе бастаған кәсіби деңгейдегі мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысының бірінші кезеңі. Жоба жастарды мектеп қабырғасынан бастап нарықтық экономика қағидаттарына үйретуге бағытталған», - деп атады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров.

Ол жобаның Қазақстанда алғаш жасалып отырғанын атады, сондықтан да өзектілігі анық: бүгінгі таңда қазақстандық жүздеген мың жеткіншек арасынан аз ғана бөлігі өмірлеріндегі басты мәселелердің бірі – кәсіп таңдауда ойлы таңдау жасай алады. Қазақстандық кәсіптік бағдар беру жүйесі әлемдегі ең әлсіз жүйелердің бірі екені өкінішті. Жастар абайсызда сәтсіз таңдау жасап алып, ақырында жылдар бойы зардабын шегеді, ал қоғам еңбек нарығында сұралмайтын жұмыскерлер қатарын қабылдап жатады.

Кездесуде бизнесте алғашқы қадамдарын жасағысы келген оқушыларға табыспен іс жүргізіп жүрген жандармен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі берілді: жас бизнесмендер жетістіктерінің құпиясымен бөлісті.

Жас жеткіншектер көптеген сұрақтар қойды: жеке істі қалай ашуға болады, идеяны әзірлеу сатысында қандай тәуекелдерге дайын болу керек, өміршең әрі тиімді бизнес-жоспарды қалай жасауға болады? Жас кәсіпкерлер жетістік тарихтарымен бөлісіп, қатысушылар сауалдарын қойысты.

«Жетістік өзімен-өзі келе салмайды. Бұл еңбектеріңіздің, амбицияның, білім мен тәжірибенің жемісі. Жалаң идея түк әкелмейді – онымен ауыру қажет десек те болады», - дейді «Мегаполис» қонақүй кешенінің басқарушысы Марат Алтай.

Бизнесін студенттік кезеңнен бастаған «Starbag» компаниясының директоры Ириетта Лукоян оған қолдау көрсетті. Оның жасы 21-де ғана, ал ол каркассыз жиһаз шығару бизнесімен айналысумен бірге тағы бір іс ашуды ойластырып жүр.

«Менің өмірлік ұстанымым – жеңіліс жайлы ешқашан да ойламаймын. Бірдеңе қолдан келмей қалды-ау деген дүние ешқашан да ойыма келген емес. Нағыз еңбеккермін. Бұл бизнес күллі уақытым мен ойымды жаулап алған. Үйде де жұмыс жасауды жалғастыра беремін: жаңа курстар, идеялар, материалдар іздеймін. Мен қатаң басшымын: қызметкерлердің жалқаулығы мен салақтығын ұнатпаймын. Шеберлерім өз жұмысына беріліп істеуге тиіс».

Табиғи жабынқыш өндіретін «Granddevelopmentgroup» компаниясының 26 жастағы директоры Хасан Калимбетов бизнеспен айналысуға бұрынғы жұмыстан шығып кетуі серпін бергенін айтты.

«Бизнесім енді ғана туындап келе жатқанда тәулігіне 4 сағат қана ұйықтайтынмын. Бар күшімді, қаражатым мен бос уақытымды қазірде өмірімнің мәніне айналған осы іске арнадым. Әрине, қиындықсыз болмайды. Алайда сағыңды сындырмағанның бәрі бізге қуат бере түседі екен», - дейді ол.

Қатысушылар жеткіншектердің оқуда және кәсібін таңдауда жетістіктерге жетуіне тілек білдірді. Келесі кездесуде қазір қатысып отырған мектеп оқушысы жетістігінің тарихын сөз етіп, қиындықты қалай жеңгенін ортаға салып отыруы да әбден мүмкін. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер