astana-view

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

2014 жылғы 06 Наурыз
3166 просмотров

Бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мүшелері «Шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге жарияланған мараторий реформаға дайындалатын кезең», – деді.

Қалалық кәсіпкерлер  палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы кеңінен талқыланды. Жиынға қатысқандар  Елбасы жарлығына сәйкес, еліміздің заң жүйесіндегі 9 кодекс пен 74 заңнамаға өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан 2 сәуірден бастап келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жарияланған мораторий тек кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді шектеп қана қоймай, үлкен реформаға тиянақты дайындалатын кезең. Алматы қаласы бойынша бүгінгі таңда 900-ден астам ірі, ал орта бизнесте 5 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс жасауда. Палата өкілдері Елбасы жарлығын түбегейлі түсіндіру шаралары әлі де жалғасатындығын айтты.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Мораторийдің негізгі себебі, заңнаманы дұрыстап қарастырып, пікірлерді біліп, әлемдік тәжірбиені зерттеп, тиімді шешімді қабылдауымыз керек. Елбасы жақсы мүмкіндік беріп отыр, яғни осы заңнаманың өзгеруіне байланысты кәсіпкерлердің жағдайы жақсы жаққа өзгереді деп ойлаймыз.

Бақытжан Манасов, кәсіпкер: 

- Бұл бізге үлкен көмек болар еді. Тексерістерден, басқа да қиыншылықтардан көп көмек болады деп есептейміз. Елбасының қолданып отырған саясаты – кәсіпкерлерді қолдау, әрбір азамат өз кәсібімен айналысу.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер