astana-view

Қазақстанда стандарттау бойынша Ұлттық орган құрылады

2016 жылғы 12 Ақпан
11754 просмотров

«Атамекен» ҰКП-да Стандарттаудың Ұлттық органдарын құру туралы мәселе қаралды

«Стандарттау туралы» заң жобасын талқылау және түзету мәселесі Ұлттық палатада аталған заң жобасын әзірлеушілердің (ҚР ИДМ ТРМК, «ҚазИнст»), бизнес-қоғамдастықтардың, салалық қауымдастықтардың қатысуымен өтті.  

Заңды әзірлеушілер кәсіпкерлерге стандарттау туралы заңның басымдылығы және жаңашылдығы туралы айтып берді. Олардың айтуынша заң жобасы стандарттау туралы Ұлттық орган құруды қарастырады. Ол тек өнім өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың да мүделлері қамтылған стандарттар қабылдаудың үлкен сұхбаттық алаңына айналуы мүмкін. Олардың пікірінше, Ұлттық және алдын алу стандарттарын тек стандарттау бойынша құрылған техникалық комитет арқылы әзірлеу жоспарлануда. Бұл дегеніміз, сол техникалық комитеттің өзінің құрамына, құрылуына, есебіне және т.б. қойылатын талаптар күшейеді деген сөз.

Осы мақсатта Ұлттық палата «Стандарттау туралы» бөлек заң әзірлеу ұстанымын қалыптастырып жатыр. Бұл – Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО қатысу шартындағы техникалық кедергілерді алып тастайтын құралдардың бірі.   

Талқылау кезінде өңірлік кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан аумағында қолданатын халықаралық стандарттарды, техникалық комитеттің қызметтерін пайдалану және басқа да міндетті болуын растайтын ұйымның стандарттарын қабылдау мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, заңды әзірлеушілер өңірден келген сұрақтарға да жауап берді.

Заң жобасының мәтінімен мына жерде танысуға болады

Заң жобасына байланысты ұсыныстар мен ескертулерді L.aytbayeva@palata.kz электронды мекен-жайына жолдауға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер