astana-view

Гемодиализді «монополизациялау»

2016 жылғы 18 Ақпан
12029 просмотров

Медициналық қызметтерге ақы төлеу органдары кәсіпкерді нақты себептерсіз мемлекеттік сатып алуларға жібермей қойды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мәжілісінде «Биос» ЖШС-ын мысалға ала отырып, тауарларға, қызметтерге және жұмыстарға қол жеткізу тәртібі туралы мәселе қаралды.

Компания 13 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық қызмет (гемодиализ) көрсетіп келеді. Алайда, ЖШС басшысы Ермек Ысқақовтың айтуынша, БҚО бойынша медициналық көмекке ақы төлеу комитетінің департаменті «Биос» ЖШС-ін Орал қаласындағы «мемлекеттік тапсырысты үлестіруге қатысуға жіберуден бас тартты. Бұл ешқандай объективті себептерсіз орын алған жайт аталған медициналық қызметте басқа жеткізушінің монополиясын сақтап қалу үшін жасалып отыр.  «Биос» ЖШС-нің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтары көпе-көрінеу бұзылып отыр. Медициналық көмекке ақы төлеу комитетінің департаменті өзінің қарсылығын мына дәлелдермен түсіндірді: ««Биос» ЖШС-нің қатысу жөніндегі өтініште көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне қатысты  кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін көрсетуге талабы туралы келісім-шарты жоқ; кәсіпкер дәрігер-нефролог В.Антонецке қатысты шынайы мәлімет бермеген, өйткені, конкурстық комиссияның мәліметтері бойынша Антонец В. Ақтөбе қаласында Бас дәрігер болып жұмыс істейді, ал «Биос» ЖШС медициналық көмек көрсету туралы өтінішті Орал қаласында берді.

Сонымен бірге, талаптық келісім-шарттарды, егер де жеткізуші қатысуға берілген өтініште көрсетілген қандай да бір медициналық қызмет түрлерін өз күшімен атқару мүмкіндігі жоқ болған жағдайда  ғана береді. Алайда,  «Биос» ЖШС медициналық қызметтің тек бір түрін ғана көрсетті: «Биос» ЖШС үшінші тұлғалардың көмегінсіз, өзі дербес атқара алатын медициналық қызмет. Қарсылықтың екінші себебіне келетін болсақ, «Биос» ЖШС-нің хабарлауы бойынша, В.Антонец Ақтөбеде де, Оралда да жұмыс істейді, мұнда «Биос» ЖШС-нің филиалы бар және қызметтерді қоса атқару бұл жағдайда заңмен тыйым салынбаған.

«Біз неге Батыс Қазақстан облысына бардық? Өйткені, мұнда аталған мемлекеттік қызметті жыл сайын бір ғана жеткізуші алып отырды,  яғни, монополизациялау байқалады. Біздің көзқарасымыз бойынша, ол жерден бізді алып тастаулары заңсыз. Оған қоса, біз тендерлік құжаттарды  дұрыс бердік. Біздің 6 филиалымыз бар», – деді Ысқақов. 

Аталмыш жағдайды БҚО Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаменті жетекшісінің орынбасары Айнагүл Даулетшина былайша түсіндіріп берді: «Бүгінгі күні бізде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жүргізген бақылау актілері, және де «Биос» ЖШС-нің шағымы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы жүргізген бақылаудың актісі бар. Бұзушылықтар анықталмады. Рәсім заңға сай жүргізілген, қарсылықтар негізсіз», – деп баяндады ол.

«Менің Министрлік өкілдеріне сұрағым бар: мұндай кәсіпорынға лицензия қалай беріледі? Яғни, лицензия бар, оған дауласпайсыздар, бірақ осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуына қарсысыздар. Егер сіздер оны сатып алуларға жіберуге болмайды деп есептесеңіздер, онда лицензияны қайтарып алыңыздар, сонда мәселе де көтерілмейді. Сіздер, біріншіден, олардың осы салада жұмыс істеу құқығын мойындайсыздар, соған қарамастан, оған наразылық көрсетесіздер», – деді Кеңес төрағасы Азат Перуашев.

Осы мәселені қорытындылай келе, А.Перуашев Кеңестің қарарын жариялады: «ҰКП-на Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетіне және БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментіне БҚО медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаменті лауазымды тұлғаларының заңға сай емес әрекеттеріне тексеру жүргізуі жөнінде өтініш жолдауын ұсыну. Бас прокуратураға БҚО медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментінің қызметін кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін көрсету бойынша қызметтерді жеткізушіні таңдау ережелерін сақтауы жөнінде тексеру жүргізуін сұрап шағым жолдау».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер