Кәсіпкерлерге кедергі азаяды
Өткен жылдың қазан айынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шағын және орта бизнес өкілдерінен 75 шағым келіп түсті. Бұл туралы Алматыда өткен жиналыс барысында кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ғани Қасымов заңгерлер мен сарапшыларға айтты.
Көмек сұрап келген кәсіпкерлердің біразы негізсіз құжат тексерістерді алға тартса, енді бірі алаяқтардың арбауына түскенің айтып қынжылады.
Сондықтан Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге қатысты берген тапсырмасына сәйкес, оларға қолдау көрсетіп, мәселелерін заң шеңберінде шешуге ат салысуымыз қажет, деді төраға.
Мәселен бүгінгі күннің өзінде палатаның кеңейтілген отырысында 25 іс заңгерлер тарапынан талқыланып, олардың тең жартысы жақын арада шешімін табады. Сондай-ақ, еліміздің 7 қаласында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ұйымдар құрылады.
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: