astana-view

ЕАЭО-ға тауар жіберсең – БАБЖ базасынан тексеріп көр!

2016 жылғы 26 Ақпан
16480 просмотров

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ҰКП-ға Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесіне қолжетімділік ұсынды.

Жуырда Ұлттық палатада қол қойылған өзара әрекеттестік (серіктестік) туралы меморандумның ветеринарлық бақылаудан (қадағалаудан) өтуі тиіс тауарлардың тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жасаған қорытындысы осындай болды.

Аталған құжатқа сәйкес сырттан әкелінген тауарларға ветеринарлық бақылау жүргізу міндеттемесі «Атамекен» ҰКП мен ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне жүктелді.

Осының алдында хабарланғандай, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосыла отырып, Қазақстан өзіне белгілі бір міндеттемелер қабылдаған, олар бойынша еліміздің аумағына БАБЖ-дың ветеринарлық сертификаттарының бірыңғай нысандарынан өзгеше екіжақты сертификаттар бойынша ветеринарлық тұрғыдан бақылануы тиіс тауарларды кіргізуге болады. Қазіргі уақытта Еуропа одағымен осындай 13 ветеринарлық сертификаттар келісілген. ЕЭО мемлекеттері басшыларымен 2015 жылдың 16 қазанында қол қойылған «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы» Хаттамағы сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінген әрі ветеринарлық бақылаудан (қадағалаудан) өтуі тиіс тауарлар және олардан өндірілген өнім Қазақстан Республикасы аумағынан ЕЭО-ның басқа мүше мемлекеттерінің аумағына осы тауарлар ЕЭО ветеринарлық-санитарлық талаптарына сәйкес және ЕЭО БКТ қолданыстағы мөлшерлемелері бойынша әкелінген жағдайда ғана тасымалдана алады.

Қазақстан Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін (БАБЖ) енгізе отырып және әрі қарай осы жүйені БАБЖ-ға мүше мемлекеттерінің жүйелерімен біріктіру арқылы ЕЭО мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарының мамандарына тікелей қолжетімділік бере отырып, көрсетілген тауарларды қадағалауды қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін орындауды көздеп отыр.

Ветеринарлық бақылаудан (қадағалаудан) өтуі тиіс өнімді Қазақстан аумағынан Одақтың мүше мемлекеттеріне шығару кезіндегі отандық кәсіпкерлердің тәуекелдерін азайту мақсатында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР «Атамекен» ҰКП-на БАБЖ-ға қолжетімділік ұсынды.

Қол қойылған меморандумға сәйкес, сондай-ақ БАБЖ жүйесінің электронды базасында ветеринарлық бақылаудан (қадағалаудан) өтуі тиіс тауарларға қатысты тасымалдау бойынша ұсынылған ветеринарлық ілеспе құжаттардың шынайылығын тексеру мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдеріне тіркеуден өту үшін құпиясөз бен логин берілетін болады.

Ветеринарлық өнімді Одаққа мүше мемлекеттерге шығару барысында кәсіпкерлер өңірлік палаталардағы жауапты қызметкерге хабарласу арқылы БАБЖ базасында ветеринарлық сертификаттардың бар-жоқтығын тексеру мүмкіндігіне ие болады.

БАБЖ-ға қолжетімділіктің құпия сипатқа ие екендігін, ал қандай да бір мәліметтерді, соның ішінде бақылаудағы өнімнің жүк тасқыны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға жариялаудың ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылған жауапкершілікке тартуға негіз болатындығын атап өткен жөн.

ҚР «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің мәлімдемесі бойынша, үстіміздегі жылдың 10 наурызы күні сағат 15:00-де (Астана қ. уақыты бойынша) Ұлттық палата алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция режимінде ҚР-ның ДСҰ құрамына кіруі аясында қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес ветеринарлық бақылау және қадағалаудан өткізілуі тиіс тауарларды әкелу/шығару мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің бақылаудағы өнімнің экспорты/импортымен айналысатын қатысушылары өңірлік кәсіпкерлер палатасында тіркеуден өтіп, осы іс-шараға қатыса алады.

ҚР «Атамекен» ҰКП алаңына қатысу мәселесі бойынша 919 373 телефоны арқылы (Долорес Төлебекова) Экономикалық интеграция департаментіне хабарласу қажет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер