astana-view

Сатылымдарға салынатын салық үлгісі қыркүйекке қарай белгілі болады

2016 жылғы 30 Наурыз
8994 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі сатылымдарға салынатын салық түріне ауысу мәселесі бойынша бизнес-қауымдастықтармен жан-жақты кеңестер жүргізуге уәде беріп отыр

Қазақстанда сатылымдардан алынатын салықтың қандай ережелерге сүйеніп салынатындығы туралы дау-дамайлар әлі де толастар емес, «қолдаушы» да, «қарсы» дәлелдер де орын алып отыр. Бұл жөнінде бүгін palata.kz тілшісінің өтініші бойынша сатылымдарға салынатын салыққа өтудің ықтимал үлгісін талқылау ісіне қатысты түсінік берген Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. «Мен оған барлық қоғамдық ұйымдар, және «Атамекен» ҰКП, «Kazenergy» Қауымдастығының, осы топқа қатысатын шағын бизнес пен банк секторының өкілдері қатысатын арнайы құрылған жұмыс тобына басшылық жасаймын. Бұл ретте түрлі пікірлердің туындап жатқандығын айтқым келеді, бүгінгі таңда салықтың қай түрінің – экономикалық орнықты салық ретіндегі қосымша құн салығының, әлде Қазақстанның осы күнгі даму деңгейіне қарай экономика құрылымы жағдайындағы сатылымдардан алынатын салықтың тиімді болатындығын анықтау қиынға соғып отыр», – деп атап өтті Досаев.

Министр «жағымды да, жайсыз да мәселелердің бар екендігін, және қазір түрлі жағдайға қатысты әрқилы үлгілерге талдау жасалып жатқандығын» жеткізді.

«Түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Алайда бюджетке ҚҚС-ның барлық түрлерінің түсуі аясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша мынадай тұжырым жасауға болады: Қазақстан аумағындағы импорт, өндірілген тауарлар мен қызметтерден және өтелген ҚҚС есебінен  бюджеттің пайдасына теріс баланс болған емес»,– дейді Ерболат Досаев.

Ұлттық экономика министрі салықтың қай түрінің тиімдігі екендігі жайлы пікірталастың «25 жылға созылғандығын» еске салды.

«Мемлекет басшысы тиісті әрі қажетті есептер жүргізіп, ең алдымен салық салынатын бизнесті зерттеп, тек содан кейін ғана салықтың қажетті үлгісін анықтау туралы нақты тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда бірыңғай салықтық кедендік кодекс жасалып жатыр, ол парламентке 2016 жылдың 1 қыркүйегінде енгізілетін болады. Сол уақытқа дейін барлық қажетті шешімдер қабылданады»,– деп түйіндеді Ерболат Досаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер