astana-view

Кез келген істе білім маңызды

2016 жылғы 04 Сәуір
8728 просмотров

Өз бизнесіңді бастау үшін таңдап алған салаңды жақсы білуің керек

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов журналистерге ҰКП-ның бизнесті сервистік қолдауы туралы айтып берді. Оның айтуынша, «Атамекен» 2014 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау құрамдасы бойынша – мынадай бағыттар: бухгалтерлік есеп және салықтық есептілік;  кедендік қызметтер; сапа менеджменті жүйесі; заң қызметтері; маркетингтік қызметтер; ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер; мемлекеттік сатып алулар; менеджмент бойынша қызмет көрсету және кеңес беру – қаржылық емес қолдауды іске асыра бастады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

2016 жылы біз тағы екі бағыт бойынша қолдау көрсете бастадық – бұл «Іскерлік байланыстар» және «Аға сеньорлар» жобалары. Бірінші құрал ШОБ субъектілері басшыларының құзыретін көтеруге бағытталған. Бірінші кезеңде кәсіпкер басқару құзыреті, сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы құзыреттер және т.б. бойынша оқудан өтеді. Екінші кезеңде кәсіпкер Германияда шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады», – деді Т.Шотанов.

«Аға сеньорлар» құрамдасы бағдарламаға қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс пен құрал-жабдық технологиялары, персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей кәсіпорында консультация беру үшін табысты тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған. «Мұнда біз канадалық «Сeso» компаниясымен меморандум жасауды қалаймыз, олар канадалық сарапшыларды Қазақстанға жіберетін болады. 2016 жылы шетелдік сарапшылардың 48 миссиясы жоспарланып отыр. Өткен жылы 32 миссия болған, сарапшылар Нидерландыдан келді», – деп баяндады ол.

«Атамекен» басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, «Аға сеньорлар» жобасы идеясының мәні – кәсіпкерлер шетелдік сарапшыны өздері енгізгелі отырған құрал-жабдықты сатып алатын және персоналды оқытуды жоспарлап отырған елден шақыртады. Мемлекет ұшақ билеттері және сарапшылар еңбегіне төленетін ақы шығындарын өзіне алады. Кәсіпкерлер болса тәуліктік ақшаны (бар болғаны 3-5 еуро) төлейді және тұратын жері мен тамағын ұйымдастырады. «Біз мұны жаңа технологиялар енгізу тұрғысында отандық бизнесмендер үшін ерекше мүмкіндік деп есептейміз», – деді ол.

2015 жылдың қорытындылары бойынша, 35 174 кәсіпкер  сервистік қолдау сұрады және олар 55 640 сервистік қызмет алды деп баяндады Шотанов. Қызметтердің 49%-ы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге көрсетілген. «Ағымдағы экономикалық жағдаятты ескеретін болсақ, 2016 жылы кәсіпкерлерге арналған сервистік қолдау мемлекеттік қолдаудың түйінді құралдарының бірі болып табылады.  ШОБ-тың барлық субъектілерінің барлығы бірдей өз штатында бухгалтер, заңгер немесе мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман ұстай алмайды. Сол себепті біз бұл жұмысты Кәсіпкерлерді қолдау және қызмет көрсету орталықтарында күшейтетін боламыз. Аудандық орталықтарда біз 379 маманды жұмысқа тарттық, олар бухгалтерия және заң мәселелері бойынша консультация бере алады», – деп қосты ол.

Бизнеспен айналысқысы келетін, бірақ қандай бизнес екенін әлі шешпеген  қазақстандықтарға Ұлттық палата өкілі өздерінің білімдері мен машықтарын белгілеп алу жөнінде кеңес берді. «Бәріңізге нені жақсы білесіздер, содан бастауды ұсынамын. Бизнестің түрі өте көп, және де түрлі бизнес түрлі дәрежеде кіріс әкеледі. Бір жерде пайда өте мол деп, ұмтыла беру дұрыс емес. Алдымен өз бизнесіңе не нәрсе енгізе аласың, соны ойластыру керек. Ең алдымен, бұл қандай да бір білімдер – түпкі негіз болады. Егер сіз киім пішу мен тігуді жақсы білсеңіз, онда сізге ателье ашқан дұрыс, егер жылыжай шаруашылығын меңгерген болсаңыз – осы саланы таңдаңыз. Егер сізде тиісті білімдер мен машықтар болмаса, онда бұл босқа кеткен уақыт пен ақша деген сөз», – деді ол.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер