astana-view

Медицина ҮЕҰ-ның қолына өтпек

2016 жылғы 15 Сәуір
9517 просмотров

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік функциялардың бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға беруді ұсынды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың заманауи жағдайлардағы өзара әрекеттестік мәселелері жөніндегі селекторлық отырысы барысында айтылды.

Жиында клиникалық хаттамаларды жасаудағы, практикалық денсаулық сақтау саласындағы түлектер мен мамандардың білімі мен машығын тәуелсіз бағалаудағы, денсаулық сақтау саласы мамандарына қосымша білім беру мен үздіксіз кәсіби дамытудағы кәсіби бірлестіктердің рөлі талқыланды.  Қатысушылар мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау саласының үкіметтік емес секторына беру кезіндегі кәсіби бірлестіктердің күшін нығайту қажеттілігі туралы да айтты. Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін ҮЕҰ проблемалары мен перспективаларына баса назар аударылды.

Талқылау нәтижелері бойынша, Кәсіби бірлестіктер және ҮЕҰ кеңесін құру шешімі қабылданды. Мұндай кеңестің құрылуы үкіметтік емес секторға берілетін мемлекеттік қызметтер тізімін жасап, бекіту жұмыстарын атқарумен қатар алға қойған мақсатты жүзеге асыру бойынша Жол картасын жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер