astana-view

Басты тақырып – мұнай бағасы

2016 жылғы 21 Сәуір
9708 просмотров

Әлемдік мұнай бағасының динамикасын болжауда сарапшылар пікірлері бір жерден шықпай отыр

Астанадағы XIII Еуразиялық медиафорум басталғалы бері мұнай бағасына жасалған болжамдарды талқылау айтарлықтай көп уақыт алды. Өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алған көптеген сарапшылар мұның толғағы жеткен тақырып екенін бірауыздан айтты.

«Алғашқы сессияның өте өзекті, аса заманауи тақырыпқа арналғаны біздің мұнай бағасының өзгермелі болып отырғанын ұмытпауымыз керектігін білдіреді. Өкінішке қарай, Дохадағы ОПЕК-ке мүше елдер арасындағы келіссөздердің қаншалықты қиын болғанына да куә болдық», – деді РФ Экономикалық саясат жөніндегі федерация кеңесі комитетінің мүшесі Дмитрий Мезенцев. Оның ойынша, әлем бойынша мұнай өндірісінің артуы уақыт еншісінде. «Біз тәулігіне 30 миллиард мұнай баррелі тіпті ОПЕК-ке мүше елдер үшін де меже емес екенін көріп отырмыз. Бүгінде мұнай шығару айтарлықтай артқан және егер келісімдер болмаса, бірқатар елдерде менмендік, экономикалық мүдде басым болса, онда бұл жағдайдың орын алу себебіне үңілген дұрыс. Мен бүгін осында жиналған сарапшылардың аса жоғары деңгейі кей құпиялар сырын ашуға көмек беретініне сенімдімін», – деді сенатор.

Мезенцев, сондай-ақ, «бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бір бөлігі мен өңірлік қана емес, әлемдік деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің трагедиялық мәселелері келесі, он төртінші форумның талқылауына өтуі мүмкін» екенін айтты.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов те Еуразиялық медиафорум  қатысушыларына өз көзқарасын жеткізді. «Жуырда мұнай нарығында орын алған жағдайларды құбылмалылық және ол осы ұсыныстарды басқарып отыр деп есептеймін. АҚШ, Сауд Аравиясы шығару көлемін (авт.- мұнай шығару) арттырып жіберді де, ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер де оны арттырды», – деді Келімбетов.

Келімбетовтың пікірінше, мұнай державаларының мұнай шығаруды ұлғайтуға ұмтылу себебі «мұнайға қатысты жобаларды тоқтата тұрып, оларды 3-5 жылдан соң қайта қолға алып, осылайша бақылауды қайтарғысы келетінінде» жатыр.

«Бұл жақсы мүмкіндіктердің бірі, себебі бұл 1985-1986 жылдардағы жағдайға ұқсайды, дежавю секілді. Десек те, 1985 жылғы жағдаймен салыстырғанда бүгінгінің, тақтатас мұнай көтерілісінің айырмашылығы көп деген пікір де бар», – деді Келімбетов.

Бұдан ары «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы «егер мұнай бағасы барреліне 30 доллар болса, онда ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдері тарапынан бұл құбылмалылықты тоқтатуға қауқары бар» екенін де болжады.

Мұнай бағасы барреліне 60 долларға жетіп тұрақтаса, «АҚШ-тағы тақтатас компаниялары нарыққа қайта келуі мүмкін», ал бұл мұнай жеткізудегі тартыстарға әкеп соқтырады. «Дохадағы кездесу жайына келсек, біз қайта кездесуге (авт. – ОПЕК-ке мүше елдер) мүмкіндік беріліп отырғанын көріп отырмыз. Менің ойымша, қазіргі кезде Сауд Аравиясының ұстанымы маңызды болып отыр», – деп түсіндірді Келімбетов.

Жанар Сердалина

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер