astana-view

Интернет дәуірінде де баспагерлер қажет

2016 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
10314 просмотров

Алматыда кітап шығару саласының мамандары оқытылуда

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов полиграфиялар мен баспалар үшін мамандар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық кластерін үйлестіру оқу орталығында болды

Полиграфиялар мен баспалар үшін мамандар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық кластері 2014 жылдың сәуір айында Алматы полиграфия колледжінің жанынан құрылған еді. «Білім берудің дуальды жүйесі жол картасы» және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласы  әкімдігі және Алматы қаласы Кәсіподақтар Одағы арасындағы Өңірлік келісім, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасының салалық кәсіподақтармен жасалған келісімдері шеңберінде ауқымды жоба іске қосылған еді.

Осы уақыт аралығында Алматы полиграфия колледжі, ҚазҰУ, ҚазҰТУ, АТУ сынды оқу орындарының болашақ полиграфистері, дизайнерлері мен кітап шығарушылары «Полиграфкомбинат» ЖШС, «Алматыкітап» ЖШС және «Дәуір» ЖШС кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті.

Алматы полиграфия колледжінің оқу-материалдық базасын аралау барысында ҰКП Басқарма төрағасы орталықтың сапалы құрал-жабдықтармен қамтылуы мен мамандарының жоғары біліктілігіне өз бағасын берді.

«Бұл біздің еліміз үшін өте заманауи және жаһандық жоба. Оның алғашқы нәтижелері де елеулі: бұл жүздеген жұмыспен қамтылған түлектер, экономика үшін жұмысшы мамандар, бюджетке салық түсімі, халықты жұмыспен қамту мәселесінің шешімі, ақыр соңында бұл Қазақстанның болашағы. Сондықтан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды білім беру жүйесін алға қарай ілгерілете береді»,  – деді Абылай Мырзахметов.

Білім берудің дуальды жүйесі жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Алматыда 48 кәсіпорынмен және 32 колледжбен 2033 маманды дайындау бойынша 80 келісімшарт жасалған еді. 6 колледж қамқорлыққа алынды: Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Алматы полиграфия колледжі, Индустрия және қонақжайлылық колледжі, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер