astana-view

Ақкөл – туристерге ашық

2016 жылғы 03 Мамыр
12626 просмотров

Ақкөлдегі Халықаралық инвестициялық «WAKE UP 2016» форумы өз жұмысын аяқтады

Іскерлік бағдарлама аясында «Табиғи туризм. Даму мүмкіндіктері мен перспективалары» атты халықаралық конференция болып өтті. Онда Ақкөл туристік аумағын дамыту векторларының, олардың доминанттарының таныстырылымы болып өтті.

Шара модераторы болған «BESSEN» ЖШС басқарушы директоры Жанар Сәмбетова Ақкөл ауданының ерекшелігі, «тартылыс магниті», сонымен бірге «8 Шың» тау-шаңғы жобасының дамуы мен Қанжығалы көліндегі балшықтың емдік қасиеттері туралы айтып берді.

Сонымен бірге, форум аясында қонақтар мен туристік агенттерді таныстыруға арналған Ақкөлдің табиғи көрікті жерлеріне жаяу турлар өтіп, олардың барысында орналастыру нысанына ғана емес, аумақтың өзіне де баса назар аударылды.

«Ақкөлді танытып, оның беделін арттыру мақсатында, оның сұлулығы мен көрікті жерлері, мәдени және тарихи мұраларын аралатып және әңгімелеп, осы бағытта жұмыс жасап отырғандарыңызға рахмет. Сіздердің жұмыстарыңыз Ақкөлдің тартымдылығын арттырып, туристік бағыттарды дамытуға түрткі болары анық», – деп алғысын жеткізді Ақкөл қаласының туризмді дамыту орталығының директоры Алан Бесен.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер