astana-view

Қоқыс төңірегіндегі дау-дамай

2016 жылғы 06 Мамыр
- Павлодар облысы
12455 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлер қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға және көмуге кететін негізсіз шығындарға шағымдануда

Осы және өзге мәселелер облыстық Кәсіпкерлер палатасында Райхангүл Сатабаеваның төрағалық етуімен өткен Өңірлік кеңес отырысында талқыға салынды.

Облыстың бірқатар өңірлерінде бекітілген коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары жоқ болып шықты. Бизнес субъектілері жыл сайын қоқыстарды кәдеге жарату үшін аз қаражат жұмсамайды, олардың кейбіреулері қоқыстарды өз күштерімен полигондарға тасиды немесе екінші қайтара пайдаға асырады.

Мәселенің екінші бір тұсы – коммуналдық кәсіпорындар мен бизнесмендер арасында жасалған шарттың талаптары. Көп жағдайда коммуналдық кәсіпорындар әр жеке кәсіпкерге өз бетінше қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшерін бекітіп береді, сол мөлшерге сәйкес қызмет көрсеткендеріне қаржы талап етеді, кейбір кәсіпкерлердің бекітілген мөлшерден аз қоқыс шығаратындығы ескерілмеген. Пікір-таласқа қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Спецмашины» кәсіпорнының заңгерлері тартылды. Осыған байланысты жиналыс барысында облыстың үш қаласының, яғни Павлодардың, Екібастұз бен Ақсудың әкімдіктеріне коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныс жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл мәселе келесі жиындардың бірінде қайта талқыға салынатын болды.

Жиналыста бизнес өкілдерінің кеңес беруші органдардың қызметіне қатысуы туралы тағы бір маңызды мәселе қаралды. ҚР заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметтерінің қатарына кәсіпкерлердің орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жанынан құрылған, кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелерді қарайтын алқалық кеңес беруші органдардың жұмысына қатысу да кіреді.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметі бекіткен Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, кеңес беруші органдардың құрамының жартысын бизнес-қауымдастықтардың өкілдері құрауы тиіс. Алайда, іс жүзінде бұл нормалар сақталып отырған жоқ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігіне 17 кеңес беруші органның құрамына енгізу үшін үміткерлер тізімін жіберді. Әдетте мемлекеттік органдар кеңес беруші органдардың құрамына енетін үміткерлерді өздері бекітеді, содан кейін ғана бұл туралы кәсіпкерлер палатасын хабардар етеді. Алайда, бизнес өкілдерін комиссия мүшесіне ұсынуға қатысты бекітілген рәсімдер ескерілмейді. Сол себепті облыстық әкімдікке кеңес беруші органдардың құрамын құруға қатысты талаптарды сақтау туралы және осы мәселеге байланысты жұмыс тобын құру туралы хат жолдауға шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер