astana-view

Денсаулыққа салған қаржы – болашаққа құйған инвестиция

2016 жылғы 12 Мамыр
- Алматы қаласы
7505 просмотров

Алматы қаласында KIHE – 2016 көрмесі аясында «Денсаулық сақтау саласының инвестициялық мүмкіндіктері» форумы өтіп жатыр

Форумның негізгі мақсаты – қаланың денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға және дамытуға инвестиция тарту  мақсатында бизнес өкілдерінің, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың, шетелдік инвесторлар мен қоғамдық ұйымдар арасында сұхбат алаңын құру.

Алматы қаласы ішкі және халықаралық медицина туризмінің орталығы. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшілігі талабы күшті міндетті өз мойындарына жүктеп отыр. Қазақстандық XXIII «Денсаулық сақтау»  халықаралық көрмесінде әлемнің 20 елінен келген 200 компания медицина саласындағы озық жобалары мен дәрігерлік технологияларын ұсынды. Жәрмеңкедегі түрлі шығын материалдарынан, дәрі-дәрмектен бастап зертханалық құралдарына дейін,  диагностикалық, оңалту және басқа да медициналық жабдықтар мен техникалар таң қалдырмай қоймады. Диеталық азық-түліктер, оптика мен хирургиялық жабдықтар да қойылды. Германия, Египет, Қытай, Чехия, Оңтүстік Корея, Түркия, Әзірбайжан, Белорусия, Украина, Эстония және Ресей елінен келген медициналық жабдықтар осы көрмеден табылды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы Алматы қаласының денсаулық сақтау саласына инвестиция тартудың болашағы туралы пікір мен тәжірибе алмасқан көрменің өткеніне ұйымдастырушылар дән риза. «Стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі» атты тақырыпта баяндама жасаған қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Уалихан Ахметовтың айтуынша, «Алматы – медициналық көмектің жоғары сапасы қалыптасқан, инновациялық бағдарламаларды кеңінен қолданушы және халықаралық озық технологияларды, тәжірибе мен біліктілікті қолданушы өңірлік экономиканың негізгі күші. Біз жемісті серіктестікке және бизнес өкілдерінің, қаржы институттарының белсенділік танытандықтарына, квазимемлекеттік секторлардың, ғылымның, медицина бірлестіктерінің өңірлік инвестициялық қолайлы аймағын құруға атсалысады деп сенеміз»,  – деп атап өтті.   

Ол үшін көрме аясында В2B форматында кездесулер ұйымдастырылды. Оған отандық және халықаралық медициналық мекемелер – орталықтар, емханалар, саланың бас мамандары және емделушілер қатысты. Медицина құрал-жабдықтары мен техникасын, фармацевтикалық өнімдерді өндіруші және медициналық қызмет көрсетуді дәріптеген алпауыттардың жасаған ұсынылымдары, шеберлік сыныптары келушілердің қызығушылығын тудырмай қоймады. 

Әлбетте, денсаулық сақтау саласы отандық серіктестерге қызықты болар еді, алайда, шетелдік инвесторлардың да тартылуы да назардан тыс қалмады. Іс-шараға қатысушы Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі қауымдастығы басқармасының төрағасы Ульф Вокурка нарыққа шыққан инвесторлардың  үміті мен қорқынышы жайлы сөз қозғады. Алаңдаушылықтың бірінші тармағына мәселенің құқықтық жақтары енді. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов бұл мәселенің жай-жапсарын айтты. «Шетелдік инвестиция ауыр құрал болар еді. Денсаулық саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікьің саны күн өткен сайын артып келеді. Ал, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  өз тарапынан әкімшілік тосқауылдармен күресуге жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бизнеске көмек көрсету және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары «бір терезе» қағидасымен енді ғана Инвесторларға қызмет көрсету орталығымен белсенді жұмыс жасап келеді. Біздің орталыққа аптасына екі рет келіп мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері тегін кеңес береді. Сондықтан, денсаулық үшін кеңес алыңыздар, біз сіздерді әрдайым қолдаймыз!», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер