astana-view

Ақтөбеде «көкек-аналарды» райынан қайтаратын орталықтар ашылады

2014 жылғы 12 Наурыз
2847 просмотров

Ақтөбеде баласынан безінбек болған аналарды райынан қайтаратын бірнеше орталық ашылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Тұрмыстың тауқыметін көтере алмаған көптеген қыз-келіншектер сәбиінен туа салысымен жерініп жатады. Көбінесе баспана мен қаржының жоқтығынан баласын тастап кетеді. Осының кесірнен жетімдер саны да көбейеді. Сондықтан аймақтарда аналарды қолдайтын орталықтар ашып жатырмыз. Аналар бір жарым жыл бойы сол жерде тұрып, ақысыз тамақ, киім-кешекпен қамтылып отырады», -дейді Ақтөбе облысы аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов.

Қазір «Аналар үйі» деп аталатын орталық үшін Ақтөбеде коттедеж сатып алынған. Ол жаңа туған 10 әйелге шақталыпты. Кәсіпкердің айтуынша, қиындыққа тап болған аналарға психологтар көмектерін беретін болады. Сондай-ақ тәулік бойына орталықта бір дәрігер жұмыс істеп, үй де күзетіледі. Ақтөбеден соң осындай орталықтар Орал, Атырау мен Ақтау қаласында да ашылатын болады.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер