astana-view

Табыс тарихы: 20 мың теңгеден басталған бизнес

2016 жылғы 20 Маусым
13712 просмотров

2014 жылы Астананың 22 жасар тұрғыны Азат Мұқышев Redtable.kz сайтын  іске қосып,  мұнда  елорданың ең  белгілі мейрамханалары мен мекемелерін жинады. Бастапқыда идеясын іске асыруға бар-жоғы 20 мың теңге жұмсаған ол қазір жүздеген мың пайда тауып жүр

Ол біраз жыл бұрын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды физик мамандығы бойынша бітіріп, өз болашағын ғарышпен байланыстырды, тіпті бірнеше  ұлттық компанияларда тәжірибеден өтті. Алайда кейіннен өзіне мұның қажет емес екендігін түсінді. 

«Бірде қайсыбір мекемеге қызбен бірге бару қажеттілігі туып, бірақ ол жақтағы жағдайларды анық біле алмадым, сол кезде ойыма осы идея келді. Мен интернетті ары ақтарып, бері ақтарып, Астана мейрамханаларының қайда орналасқаны туралы сайт таппадым. Сонан соң қол боста ермек ету үшін Redtable.kz сайтын құрдым, мұнда керек мәліметтің бәрі бар. Мен ол кезде сайт деген не, қалай жұмыс істейтінін де білмедім. Әйткемен, шабыт болды», – дейді кәсіпкер Азат Мұқышев. Одан кейін сайт жұмысына  ағасы  көмектесті. Дегенмен бұл көпке ұзамады. Екі ай өткен соң жас кәсіпкерге басқару тізгінін өз қолына алуға тура келді.

Әлбетте, қиыншылықтар да кезікті.

«Сайт бес рет толығымен жабылды, бастапқы нұсқасына оралуға мәжбүр болдық. Менің апта бойы істеген жұмыстарым нәтижесіз болды. Жігерімді жасытпадым, әрқашан қайтадан бастадым», – дейді Азат.

Алғашқыда Redtable.kz-ға өзінің ықыласы ауған мекемелерді енгізді, сонымен қатар Астанаға келген шетелдік туристерді қызықтыра алмағандары да болды. Мұндай мекемелер саны оншақты еді. Сонымен бірге бір ай ішінде сайтқа сегіз мыңнан астам пайдаланушы кірді. Ешқандай кіріс әкелмеді.

«Бастапқыда мекемелер туралы мәліметтер орналастырылған сайт ретінде жұмыс істедік, ал енді бұл – бірыңғай брондау  қызметімен де айналысады.  Астананың кез келген мекемесіндегі үстелге тапсырыс бере алатын call-орталығы бар. Сонымен бірге өзіңіздің талабыңызды жеткізе аласыз.  Қонақ үшін бұл тегін. Ал рестораторлар мен мейман әкелсем, олардың шоттарының 10%-ын маған төлейді», – дейді жас кәсіпкер.

Азат Мукушев өз сайтына орналастырған мейрамханаларға келіп, шарттарын ұсынды: Redtable.kz ол мекемеге тегін жарнама жасайды, фотоға түсіреді, мекеме несімен қуанышқа бөлейтіні жайлы мәтін жазады, ал рестораторлар оның атынан келген меймандар отырған шоттың 10%-ын Азатқа төлейді.

Қазір сайтта 132 мекеме орналастырылған, ай сайын оған 32 мыңнан астам бірегей пайдаланушы кіреді. Сонымен қатар мейрамханалардың тізімі үнемі жаңарып отырады. 

Азат Мұқышевтың сөзіне қарағанда, рестораторлардың көпшілігі ұсынылған шарттармен қуана келіседі.

«Көптеген рестораторлар  үрейлене таң қалады, «Бәлкім біз сені алдайтын шығармыз», – дейді. «Алайда мен ең алдымен сенімге жұмыс істеймін,– дейді жас бизнесмен, сонан соң рестораторлардың  мені алдап кеткен күні жоқ», – деп қосып қойды.

Сайт иесіне 2015 жылдың шілдесінде бес жұлдызды президенттік Rixos  қонақүйінің үш мейрамханасы алғашқы табыс әкелді.

Кейіннен чектің 10%-ын  төлеуге келіскен рестораторлардан чектер ай сайын келе бастады.

Идеяның жүзеге асып, қадам басуына, қалыптасуына  ол 20 мың теңге салды,  ал қазір жұмсаған күш-жігері өз жемісін бере бастады. Жас бизнесмен пайда туралы құпияның сырын ашпады, тек сайт үш айдың ішінде әмиянына 700  мың теңге түсірген.

Азата Мұқышевтың айтуынша, төрт орындық үстелдің  орташа  шоты 25-33 мың теңгені құрайды. Бұрын бұл сома әлдеқайда көп еді. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, дағдарыс мұнда да әсер еткен.  

«Бұрын көп ақша түсетін. Орташа алғанда, мысалы 2015 жылы желтоқсанда төрт адам 150 мың теңге тастайтын. Қазір мұндай сирек кездеседі. Мереке  күндері  келушілер толқыны  молаяды.  Мәселен, 8 наурызда  келушілер көп. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер еңбекақы алған күндері де қонақ көбейеді, шамамен әр айдың 10-нан соң. Ал 15-16 күнде  адам аяғы азаяды»,– деп қосты  ол.

Алдағы бірнеше жылдар арналған жоспарлар жайлы айтар болсақ, Азат Қазақстанның басқа қалаларындағы мейрамханаларға шыға ма, әлде бірден халықаралық нарыққа жол тарта ма, ол жағын кесіп-пішіп айтпады. Бір белгілісі оны Грузия нарығы қызықтырады екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер