astana-view

Қазақстан өңдеуші өнеркәсіптің өсімін сақтап қалды

2016 жылғы 01 Шілде
9413 просмотров

Еліміз – өнеркәсіптің даму қарқынын сақтап қалған ЕАЭО-дағы бірден-бір мемлекет

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәліметі бойынша, ҚР-да өңдеуші өнеркәсіп оң нәтиже көрсетті. Бұл жайында министр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен 2016 жылдың бірінші жартысына арналған индустрияландыру қорытындылары туралы мәжіліс барысында мәлімдеді.

Нәтижелер туралы айта келіп, министр «Өткен жылы, 2014 жылмен салыстырғанда, өнеркәсіп өнімдері өндірісінің физикалық көлемінің индексі 1,6 пайызға қысқарғанын», атап өтті. Негізінен, бұл тау-кен секторының төмендеуі есебінен болды. «Өңдеуші өнеркәсіп оң нәтиже көрсетті және биылғы жылы да сол серпінді  жалғастыруда. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, сонау 2009 жылы бастама ретінде көтерген индустриялық бағдарламамен қамтамасыз етілген қор Қазақстанға 2015 жылғы бүкіл өңдеуші өнеркәсіптегі өндірісі шынайы және қазіргі уақытқа дейін оң сипат алған  Еуразиялық экономикалық одақтың бірден бір мүшесі болып қалуына мүмкіндік берді», – деді Жеңіс Қасымбек. Министрдің ақпараты бойынша, Қазақстанда инновациялық кәсіпорындардың үлесі екі есеге артқан, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсайтын шығындары 5 жарым еседен астамға ұлғайған, сөйтіп жылына 635 млрд теңгеге жеткен. «Бұл отандық кәсіпорындардың өз өндірістерін модернизациялау және еңбек өнімділігін көтеру қажеттігін шынайы ұғынғанын білдіреді», – деп баяндады Ж.Қасымбек.

Индустрияландырудың қорытындылары жайлы айта келе, Мемлекет басшысы қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмау маңызды екенін атап өтті. 

«Индустрияландыру жылдары біз Қазақстан ешқашан өндірілмеген мүлдем жаңа 500-ден астам өнім шығара бастадық. Біз бәріміз қазір  әлемде төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жүріп жатқанын білеміз және ол туралы айтып жүрміз, яғни әлемдік экономика жаңа сатыға өтуде, жаңа инновациялық ғылыми-техникалық бұйымдар жасалып жатыр. Біз бұл сын-қатерлерге дайын болуға тиіспіз, сол себепті өткен жылы мен жаңа жаһандық жағдайды ескере отырып, индустрияландыру бағдарламасын өзектендіруді тапсырған болатынмын», – деді Н. Назарбаев.

«Бұны іске асыру бізге өте күрделі болмақ, өйткені Қазақстан базасының инновациялық өнімдерге дайындығы әлсіз. Индустриялық бағдарлама мен инновациялар арқылы осы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу қажет. Мен, біздің кадрларымыз, басшыларымыз дәл осыған бағдарланып отырғанына қуаныштымын», – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер