astana-view

Нұржан Әлтаев Астанаға ауысты

2014 жылғы 12 Наурыз
2993 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаевтың қызметі жоғарылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. Ол «Қайнар» университетін, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, Академиялық-инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттер мәселелері жөніндегі проректоры болып бастаған. 2004 – 2007 жылдары ҚР Әділет министрлігі халықаралық құқық департаментінде жетекші маман қызметін атқарған. 2007 – 2010 жылдар аралығында «Оңтүстік» ӘКК» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында менеджер, бас менеджер, Басқарма мүшесі – құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, директорлар кеңесінің мүшесі болды. Одан кейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды. 2011 – 2013 жылдар аралығында «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығының бас директоры, «ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарды. Ал 2013 жылдан бері ол Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры болып келді.

... Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне Жеңісбек Дулатов тағайындалды.

Жеңісбек Камалдинұлы Дулатов 1980 жылы Шымкент қаласында туылған. Ол Алматы экономикалық университетін «Мұнай бизнесі», Қазақ әлеуметтік-құқықтық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. «Саутс Ойл» ЖШС-інде, «Альянс банк» акционерлік қоғамында қызметтер атқарған. 2009 жылы «Fіdelіty Collectіon Servіces» ЖШС-нің Шымкент қаласындағы өкілдігін басқарды. 2010 – 2012 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгро» ҰБҚ» акционерлік қоғамдарында басқарушы қызметтерде болды. 2012 жылы қазан айында ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары қызметіне, арада бір жыл өткен соң, 2013 жылғы қазанда ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

... Біз жаңадан қызмет алған азаматтардың өз істерінде абыройлы бола берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Дерекнамасы: Замана


Еншілес ұйымдар

Серіктестер