astana-view

Қазақстан – Түркия: ұшақ сапарлары жанданды

2016 жылғы 16 Шілде
11105 просмотров

ИДМ Анталияға ұшатын рейстерге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады

«Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің тапсыруымен Инвестиция мен даму министрлігі Түркияның авиация бойынша билік өкілдерімен келіссөз жүргізіп, кеңес алды, тасымал жүргізетін авиакомпаниялар мен екі елдің арасындағы турфирмалармен сөйлесті. Келіссөз нәтижесінде министрлік екі ел арасында, Қазақстан мен Анталияға авиарейстерді жандандыру керек деген шешім қабылдады. Өзге бағыттар бойынша Түркия жағы қосымша хабарлап отыратын болады», – делінген ИДМ ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлының Facebook парақшасында.

Қазақстандық ақпарат агенттіктері Инвестиция мен даму министрлігінң мәліметіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды: сенбі күні Анталия әуежайы штаттағы кесте бойынша жұмыс істеді. Ыстамбұл мен Анкара әуежайлары ұшақтарды қабылдамады, ұшырмады. Астана уақыты бойынша 11.00-12.00 кезінде Ыстамбұл сенбі күні тек екі рейсті қабылдап, біреуін ұшырды. Түркиядағы орын алған жағдайға байланысты 13 рейс кешіктірілді. Оның тоғызы қазақстандық ұшақтар, төртеуі түрік авиакомпанияларына тиесілі. Қазақстан рейсінде ұша алмай отырған жолаушылар саны 2 329 адам, Түркиядан ұша алмай отырғандар – 2747 адам.

«Қазақстандық туристердің көпшілігі Анталия жағажайында демалады. Біздің азаматтардың жолдамасы күнделікті өтіп жатыр, келесі жеті күнде аяқталуы керек. Бүгін мыңға жуық адамның жолдамасы бітіп, қонақүйді босатуы керек. Отанына ұшып келуі тиіс еді. Алайда, турфирмалар өз есебінен олардың қонақүйде қалуына жағдай жасамақшы. Оған қоса Қазақстан ИДМ Түркияның ең ірі туристік «ТурСАБ» қауымдастығына қазақстандық туристерге дұрыс қарап, алдағы күндерде тұратын жерді тегін беруін сұрап жатыр», – деп хабарлады Инвестиция мен даму министрлігі «Қазақстан-Жаңалықтары» агенттігіне.

Осы ведомствоның мағлұматы бойынша, қазақстандық туристер Анталиядағы консулдықпен хабарласып, есепке тұрып жатыр. Астана уақыты бойынша сенбі күні кешке елшілікке 200 аса қазақстандық отбасы хабарласқан.  

ИДМ туристер мен турфирмалар үшін «сенім телефонын» қосты. Ведомствоның түсіндіруі бойынша, қазақстандық әуежайларда отырған туристер, Түркияға ұша алмай қалғандықтан, демалыс бағдарламасын әскери тәртіп аяқталған соң жалғастыра алады.

Азаматтық авиация комитетінің сенім телефоны: 8 (7172) 75-48-10, 75-4­8-06

Туризм индустриясы департаментінің телефоны: 8 (7172) 754304, 8 7172 754434.

Бір мезгілде Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен, сыртқы саясат ведомствосы Түркиядағы қазақстандықтарға арнап Анкара, Ыстамбұл, Анталия қалаларында сенім телефонын қосты.

ҚР Анкара қаласындағы сенім телефоны: +90-533-600-6092,

Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығындағы сенім телефоны: +90-542-471-2211.

Қазақстан азаматтарының Түркиядағы қауіпсізідгі туралы мәселе бойынша Астанадағы СІМ хабарласуға болады: (+7-7172) 720486 (19.00 дейін), +7-7023063417, +7-7013829890,

Түркиядағы жалпы жағдайды білуге мына телефондарға хабарласуға болады: (+7-7172) 720250 (19.00 дейін), +7-701-7776447. 


Түркиядан Қазақстанға ұшатын авиарейстер: нақты кестесі
Азаматтық авиация кестесі:

Эйр Астана:

1. КС 215 Астана-Анталия ұшты 19:27

2. КС 915 Алматы-Анталия ұшты 19:56

3. КС 911 Алматы-Ыстамбұл ұшты 19:22

4. КС 917 Астана-Ыстамбұл ұшты 19:38
 

СКАТ

1. VSV468 Қарағанды-Анталия кесте бойынша ұшу 21:30

2. VSV 471 Алматы-Анталия ұшты 19:45

3. VSV 811 Ақтау-Ыстамбұл кесте бойынша ұшу 00:30 17.07

4. VSV5064 Орал-Анталия ұшты 08:20 17.07

Қосымша:

Атлас джет:

1. Астана-Анталия кесте бойынша ұшу 03:05 17.07

2. Қарағанды-Анталия кесте бойынша ұшу 05:00 17.07

Turkish Airlines

1. Ыстамбұл-Астана ұшу 21:25. Астана-Ыстамбұл кесте бойынша ұшу 03:25

2. Алматы-Ыстамбұл кешіктірілді 6:00 дейін 17.07


Еншілес ұйымдар

Серіктестер