astana-view

Кәсіпкерлерді бизнесті сауатты жоспарлауға үйрету керек

2016 жылғы 11 Тамыз
- Жетісу облысы
6032 просмотров

«Үшқоңыр» білім тарату орталығының (БТО) директоры Сейіткәрім Қалтаев осылай есептейді

40 жылғы тәжірибесі бар агроном «Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығына семинар-тренингтер өткізу үшін өзінің базалық шаруашылығын ұсынды.

«Үшқоңыр» БТО Қарасай ауданының Мерей ауылында орналасқан. 2009 жылдан бері мал шаруашылығы және ветеринария, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жер өңдеу және ауыл шаруашылығы қызметі бойынша шаруа қожалық басшылары мен мамандары үшін оқыту курстарын өткізіп келеді.

«Кәсіпкерлер үшін семинарлар екі күндік, үш күндік, бес күндік сабақтар бойынша ұйымдастырылады. Ең керекті деген, бизнес үшін маңызды тақырыптарды таңдаймыз. Алдын ала анкета жүргізіп, содан кейін тақырыптар мен сұрақтарды қарастырып, әдістемесін әзірлейміз. Жылына 400 кәсіпкерге арналған 17-18 семинар өтеді. Олардың барлығының жаңалыққа құмар екенін, жаңа технологияны білуге қызығушылықтары мол екенін атап өткен жөн. Сондықтан да біздің дәріскерлеріміз жаңа дүниелерді айтады, ал ескісін олардың өздері де біледі», – деп бөлісті Сейіткәрім Қалтаев.

Орталық 11 ғылыми институтпен бірлескен және материалдық-техникалық базасы да бай. Сондықтан да жас шаруа қожалықтар үшін 500 га шаруашылық алаңы бар «Үшқоңыр» өңірдегі үздік оқыту орталығы болып отыр. Агробіліктілік орталығының семинарларының дәл осы жерде өтуі де кездейсоқтық емес.

Өсімдік шаруашылығы бойынша қарасайлық кәсіпкерлер, бірнеше жыл өзінің тиімділігін дәлелдеп келе жатқан, арпаның «Айдын» сұрпымен танысты. Сондай-ақ кәсіпкерлер күрішті электр жарығынсыз жер бедері арқылы тамшылатып суару әдісі туралы бірінші рет білді. Қант қызылшасынан және соя дақылдарынан  жоғары өнім алу әдісі жаңа инновацияның арқасында жетілдірілген. Мысалы, шаруашылық қызылшаның бір гектарынан – 700 центнер, ал соядан – 30 центнерден аса алады.

Қалтаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығындағы жаңашылдыққа қарамастан, кәсіпкерлердің көпшілігі нарықта бұл жағдайға ие емес.

«Бүгінгі жағдайдан көпшілігі хабардар. Әйтеуір барлығы жермен айналысса болды. Қарап отырсаңыз, бәрінің 1-5 га жері бар, алайда білімі жоқ. Сондықтан да көпшілігі қандай өсімдікті өсіру керек, оны ары қарай қалай күтіп-баптау керек екенін білмейді. Нарықта шағын тауарлар дамып келеді. Соған орай, осындай семинарларға, бірінші кезекте, жас кәсіпкерлерді тартып, оларға қарапайым дүниелерді үйрету керек», – деді агроном.

Сондай-ақ, шаруашылық басшысының ойынша, шаруаларды сауатты жоспарлауға бейімделген абзал.

«Шаруашылықтардағы мәселелер бұрыннан бар, кейін де болады. Даму бар жерде сұрыпқа, технологияға, тауарды өткізуге байланысты мәселелер де қатар жүреді. Менің байқағаным, кәсібін енді ғана бастағандар арасында ешкім алдын ала жоспарлаумен айналыспайды. Егер білмесең, несіне егін егесің? Сосын барлығы өнімді өткізу үлкен мәселе екен деп шағымданады. Сондықтан осындай мәселеге ұрынбау үшін алдын ала жоспарлап үйрену керек», – дейді «Үшқоңыр» БТО директоры Сейіткәрім Қалтаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қарасай ауданында шаруаларға арналған келесі дәріс қыркүйекте омарта шаруашылығы бойынша өтеді.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер