astana-view

Фермерлерді бизнеске баулыды

2016 жылғы 16 Тамыз
- Жамбыл облысы
8326 просмотров

Жуалы ауданының диқандары Агробіліктілік орталығының семинарларында майлы дақылдарды тиімді өсіру жолдарымен танысты

Жуалы ауданының өсімдік шаруашылығымен айналысатын 60 фермері «Жамбыл облысының жағдайында майлы дақылдарды тиімді өндіру» тақырыбы бойынша «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығында дайындықтан өтті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысының Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен екі мыңнан аса ауыл шаруашылығы құрылымы айналысады. Өнім өндірушілердің көпшілігінің арнайы білімі жоқ немесе олардың кәсіби біліктілігі кейбір ауыл шаруашылығы салаларының тар шеңберінде шоғырланған.

Бүгінге дейін Жуалы ауданында «Жамбыл облысының жағдайында майлы дақылдарды тиімді өндіру» атты тақырыпта төрт оқыту семинары өтіп, оған 60 шаруа қожалығы қатысқан. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табыс етілді. Семинарды қазақстандық сарапшы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ егін және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты облыстық филиалының директоры Ерлан Күлкеев жүргізді.

Семинарлардың өту аясында шаруа қожалығы иелері өздеріне қажетті пайдалы кеңестер мен ұсыныстар алды. Барлық қызығушылық танытып отырған тұлғалар, оның ішінде негізгі (озық) шаруашылықтар мен семинарға қатысушылар, сарапшылардың уақытын тиімді пайдаланып, кеңестерге мұқият құлақ асты.

Өсімдік шаруашылығы бойынша оқыту семинарларын жүргізу барысында қатысушыларға ауыл шаруашылығы дақылдарын маусым бойы технологиялық және сервистік қолдау, өсіру технологиялары, дақылдарды іріктеу, ауыспалы егістік, сұрыптар және дақылдарды қорғау құралдары туралы толық ақпарат берілді.

Агробіліктілік орталығы сапалы семинарлар санын арттыру мақсатымен биылғы тамыз айының соңында және қыркүйек айының басында мал шаруашылығы тақырыбында, оның ішінде азықтандыруға және сүтті мал шаруашылығына арналған тағы бес семинар өткізуді жоспарлап отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер