astana-view

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың салық төлеуден жалтарғаны әшкереленді

2016 жылғы 02 Қыркүйек
8130 просмотров

Көп мөлшерде мемлекеттік тапсырыс алған жекелеген ірі салық төлеушілерден қосымша қомақты сома өндірілді

2016 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Экономикалық тергеу қызметінің мамандары  салық төлеуден жалтару деректері бойынша 557 қылмыстық іске тергеу амалдарын жүргізген. Қылмыстық істер аяқталғаннан кейінгі өтелген сома – 37,6 млрд теңге. «Мысалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу қызметі 9 жалған кәсіпорын құрып, жалған кәсіпкерліктің 30-ға жуық түрін жасаған топтарды анықтап, қылмыстың жолы кесілді», – деп хабарлады брифинг барысында ҚР ҚМ МКК Экономикалық тергеу қызметі басшысының орынбасары Абзал Байманов.

Ол аталған қылмыстық іс бойынша материалдар сотқа жөнелтіліп, келтірілген шығынның 1,2 млрд теңгеге бағаланып отырғанын атап өтті. «Осыған ұқсас мысалдарды Қазақстанның барлық облыстарынан келтіруге болады», – деді А.Байманов.

Жалпы, 2015-2016 жылдар бойынша Экономикалық тергеу қызметі осы сынды 12 топты анықтап, барлық қылмыстық іс сотқа жіберілген. Ал кінәлілерге әртүрлі мерзімде бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған. Бұл ретте жалған кәсіпорындар жөніндегі көрсетілген қылмыстық істер бойынша олардың қызметін пайдаланған уағдаласушы тараптар да жауапқа тартылуда. Мысалға, 2016 жылы Алматының Алмалы аудандық сотында өзге де заңды тұлғаларды тарту үшін, жалпы сомасы 700 млн теңге болатын жалған кәсіпорынды пайдаланып, салық төлеуден жалтарған Л. есімді азамат айыпты деп танылды. Оны 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. 

Экономикалық тергеу қызметінде заңды тұлғалардың және ұйымдардың бюджет қаражатын игеру қызметін бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін Байманов: «Біз былтырғы жылы сегіз бағыттан тұратын мақсатты топты анықтадық. Бұл дегеніміз 20 трлн теңгеден астам сомадағы 500-ден астам салық төлеуші», – деді.

«Соған қарамастан салық төлеушілер мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы 2015 жылға сомасы 417 млрд теңге алған. Компаниялар тобы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2015 жылға – 400 млрд теңгеден астам қаражат иеленген. Салық төлеушілер 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 159 млрд теңге және «Самұрық-Қазына» тобы бойынша салық төлеушілердің ең ірі жылдық табысы 56 млрд теңгені құраған», – деді А.Байманов.

Экономикалық тергеу қызметінің өкілі «бақылауды өзіміздің ақпараттық жүйемізді пайдалану арқылы жүргіздік» деп атап өтті.

«Аталған мақсатты топтардағы жауапсыз өнім берушілерді анықтау үшін, біз сараптамалық есеп қалыптастырдық. Қаражатты игерудің барлық сызбаларында салық төлеуден жалтару үшін жалған кәсіпкерлік пен күмәнді кәсіпорындарды пайдалану деректерін анықтадық», – деді А. Байманов.

Оның мәліметінше, барлық сенімсіз салық төлеушiлер бойынша өзара есеп айырысулар 3 трлн теңгені құраса, бюджет салығы бойынша болжамды шығындар триллионнан асқан.

Мысалға Экономикалық тергеу қызметі, жергілікті әкімдік қаржыландырған, 1200 орынды 10 мектеп құрылысының сызбасын талдаған. «Өңірлерде орын саны бірдей мектеп құрылысының құны 900 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейін өзгергенін атап өткеніміз жөн. 10 бас мердігердің сегізінде салық жүктемесінің төмен коэффициенті болған. Сол сияқты, ауруханалар салу үшін – 30 бас мердігердің 26-сында салықтық жүктеме коэффициенті төменгі көрсеткіш көрсеткен», – деді Абзал Байманов.

Оған қоса, Экономикалық тергеу қызметі мен Мемлекеттік кіріс департаменті, салық жүктемесінің төменгі коэффициенті «салық төлеуден жалтаруды растайтынын» атап өтуде.

А.Байманов, салық төлеушілер заң бойынша жеткізушілері үшін жауапты емес екенін ескерді. «Экономикалық тергеу қызметі мен МКК өкілдері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы салық төлеушілермен кездесу өткізді. 20 млрд теңгеден астам салықтық міндеттемелер қабылданды. Мемлекеттік бюджетке 16 миллиард теңге өндірілді. Мысалға, Астанада 2015 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 6 млрд теңге игерген белгілі бір құрылыс фирмасы, нәтижесінде мемлекеттік кіріске 189 млн теңге өтеді», – деп баяндады Абзал Байманов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер