astana-view

Андрей Кравченко: «Қазынашылардың басты мәселесі – тиянақсыздық»

2016 жылғы 19 Қыркүйек
7971 просмотров

ҚР Бас прокурорының орынбасары, мұндай жағдайда бизнестің тұрақты дамуы екіталай екенін айтты

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы кеңесінің отырысында кәсіпкерлер мен кедендік органдардың мәселесі талқыланды. ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе ретінде – Қазақстанның қазынашылық органдарының іс-қимылы туралы пікірін білдірді. 

«Соңғы жылдары кеденде көптеген жүйелі шаралар қолға алынып жатыр. Осы орайда, прокурорлардың көпшілігі үнемі кездестіріп жататын басты мәселелердің біріне тоқталғым келіп отыр. Ол қазынашылық органдар қызметінің тиянақсыздығы. Жүкті өткізеді, оны рәсімдеуге рұқсат береді, кейді тіпті, жүк сараптамасын 10 рет жасайды екен. Ешқандай сұрақтар қойылмайды, жүк әкелуші кете барады.  Ал жарты жыл немесе үш жыл өткен соң, сіздің қолға алғаныңыздың бәрі дұрыс емес деп айтуы мүмкін. Сосын мәселенің мән-жайын анықтау басталады: алдымен әкімшілік органдарда, кеденде, Қаржы министрлігінде, соттарда тіпті жылдап соттасып жатады. Егер тек сотта ғана дауласып жатса бір сәрі. Кейде, тіпті, іс қозғалып, кейін оны қайта қайтып алып жататын жағдайлар да болып жатады», – деді ол.

А.Кравченко нәтижесінде процеске көптеген адамдар тартылып, мемлекет пен кәсіпкер тарапынан көп көлемдегі ресурстар шығындалатын атап өтті. 

«Бұл тұста жемқорлыққа жол беру деректері арта түседі. Менің ойымша, осы ретсіздік орын алып жатқан жағдайлардың түсініспеушілігіне әкеледі. Тіпті, одан да басқа мәселелерді туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайда бизнестің тұрақтылығы туралы айтудың өзі артық. Ал тұрақтылық болмаған жағдайда, бизнестің дамуы да болмайды», – деп нұсқады Андрей Кравченко. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер