ХАБАР 24 - Мәскеуде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Қазақстанға былтыр келген 6 жарым миллион шетелдіктің бір жарым миллионы - ресейлік саяхатшылар.
Туристік сала сарапшылары Ресей азаматтары 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған көрмеге де көптеп қатысады деп сенеді. Бұл ел бүкіл әлем көз тігетін көрнекті шарада аумағы мың шаршы метрден асатын ең үлкен павильонды ұсынады. Мәскеудегі практикалық конференция аясында өткен жиында екі елдің бизнес қауымдастық өкілдері мен сала мамандары Қазақстанның туристік әлеуетін талқылады. B2B форматында өткен қос шараға Қазақстанның елшілігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған. Мақсаты - ресейлік туристерді көптеп тартып, қызмет көрсету түрлерінің нақты жобаларын ұсыну.
Юлия Якупбаева, «Атамекен» ҰКП басқармасының мүшесі:
- Біз Ресейдің туризм агенттігімен меморандумға қол қойып, туризмді екі жақты дамытуға уағдаластық. Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысына қатысатын барлық елдер үшін көшпелі туризм ұйымдастыруымыз мүмкін. Шекаралық аумақтарда үлкен әлеует бар, ол аймақтарда 32 миллион адам тұрады. Ресей Федерациясымен ынтымақтастыққа мүмкіндік молынан жетеді.
Юлия Лопарева, «Экспо-2017» көрмесінің өкілі:
- Мұндай ірі шара Қазақстанда, қала берді Орталық Азияда алғаш рет өтіп отыр. 2012 жылдан бастап, қазақстандық ұйымдастырушылардың мүмкіндігі кеңейіп, қызмет ауқымы ұлғайғанын байқадық. Ресей тарабы дайындыққа 2015 жылдан кіріскен. Біз «Экспо»-ға тың серпін беретін іскерлік иедяларына толы, әрі қызықты бағдараламаны бірлесе жүзеге асырғымыз келеді. Осы бағытта нақты шаралар жасауға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: