Аманжан Жамалов ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесті
Кәсіпкерлер палатасының Парламент Мәжілісіндегі өкілі Аманжан Жамалов Ақтөбеге барды.
Жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, саланың түйткілді мәселелерін бірге талқылады. Шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасауға бағытталған Елбасы тапсырмасының мақсатын түсіндірді. «Жөнсіз тексеруді тыю үшін жарияланған мораторий жұмыс істеп, қолға алған істерді түбегейлі дамытуға мол мүмкіндік береді» дейді жергілікті кәсіпкерлер. Олар жоспарлы тексерулер алынып тасталғанан кейін жаңа серпінмен жұмыс істеуге дайын. Депутат өз кезегінде заңды өрескел бұзып, көлеңкелі кәсіппен айналысқандардың жауапқа тартылатынын да жеткізді. Адал ебек, маңдай термен іс қылғандарға ғана нақты қолдау боларын жеткізді. Осы жолмен жүруге шақырды. Облыстағы жеке емхана басшылары мораторий жарияланғанда қуанғандарын айтады. Гемодиализ қызметін көрсететін клиниканы 3 жыл ішінде 15 рет тексерген. Көпшілігі негізсіз болып шыққан. Бұл жағдай емделушілерге де кері әсерін тигізгенге ұқсайды.
Святослав Медведев, Жеке емхананың бас дәрігерінің орынбасары:
- Медицина саласындағы тексерулердің қандай болатынын біз білеміз. Ай сайынғы тексерулерден өттік. Елбасының мараторий жариялауы осы негізсіз тексерулерге тиым салады. Есесіне біздің жұмысымыз жүретін болады.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жөнсіз тексерулер кәсіпкерлерге дұрыс жұмыс істеуге кедергі әкеліп тұр. Кәсіпкерлердің жолын ашу үшін барлығын жан-жақты саралап, қарап, заңдарды қалыпқа келтіру керек.
Дерекнамасы: 24KZ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: