astana-view

Барлық мәселе – назарда

2016 жылғы 27 Қазан
- Қостанай облысы
6359 просмотров

Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов Кәсіпкерлер палатасының  филиалымен бірлесіп, моноқала бизнесмендерінің тізілімін құруды ұсынды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының республикалық тізілімі сияқты, ол онлайн тәртіпте жергілікті іскер топ өкілдерінің көкейтесті мәселелерін шешудің барлық кезеңдерін қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Ұсыныс филиалдың кәсіпкерлермен өткен есептік кездесуі барысында айтылды. Облыстық Палатаның бөлімше басшысы  Виталий Писаренко 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары жайлы әңгімеледі.

Қаңтардың басынан бері филиалға бизнестің заңды мүддесіне қысым жасалғаны туралы 11 жазбаша шағым түскен, біразы ұжымдық шағымдар. Олардың әзірге тек жетеуі ғана оң шешілген.

«Октябрь кентінің кәсіпкерлері қала әкімшілігіне бағынатындықтан, салық органдары оларды пластикалық карталар қабылдауға арналған жабдықты орнатуға міндеттеген. Кәсіпкерлердің осыған қатысты өтініштері қаралып, оң шешілді. Мемлекеттік  кірістер департаментіне бірнеше мәрте өтініш жасаған соң, ақырында Октябрь кәсіпкерлеріне бұл норма қатысты емес деген жауап келді»,– дейді  Виталий Писаренко.

Жыл сайынғы лицензиялық алкоголь сату алымын төлеу өзекті мәселе болып қалуда, өйткені төлем спирттік ішімдік сатуды тоқтатқан кәсіпкерлерден де жиналып келеді. Филиал директорының айтуынша, қазіргі уақытта мәселе Ұлттық палата арқылы шешіліп жатыр. Көбіне Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтеріліп жүр. Сонымен бірге тіркелуі жарамсыз деп танылған, сондай-ақ контрагенттермен бұрын жасалған мәмілелер үшін қосымша құн салығын есептеу мәселесі де лисаковтықтар  үшін өзекті болып отыр.  

«ҰКП-ның проблемалар тізілімін жасау туралы бастамасы жақсы. Одан барлық мәселенің толық тізімі мен шешу жолын көруге болады. Мен филиалмен бірігіп, моноқала бизнесмендерінің мәселелердің  қалай шешіліп жатқанын  біліп отыруы үшін, жергілікті деңгейде де осындай ресурс жасауды ұсынамын»,– деді Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов.

Қаржылық емес қолдау жағына келетін болсақ, жыл басынан бері, Палата филиалы 119 тегін  сервистік қызмет көрсетті, 644 кеңес берді. Нәтижесінде, 36 клиент өз бизнесін ашты немесе кеңейтті, жалпы сомасы 58,95 млн теңге  болатын мемлекеттік бағдарлама аясында 14 жобаны қаржыландырды. Екі жоба «Атамекен-Қостанай микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы қаржы алды, 4 өтінім қаралып жатыр.

Кездесу соңында облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов кәсіпкерлердің жағдайын жақсартуға барлық филиалдардың өкілдері үлес қосып жатқандығын атап айтты. Лисаков қаласы әкімі барлық бағыттар бойынша бұдан да тығыз ынтымақтаса берейік деген тілек білдірді. Ал кәсіпкерлер өздері қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер