astana-view

Рустам Жүрсінов: «Бизнеске кедергі жасаушылар заңмен қатал жазалануы тиіс»

2016 жылғы 03 Қараша
- Алматы қаласы
6502 просмотров

Алматыда корпоративтік заңгерлердің жыл сайынғы ХІ қазақстандық форумы өтіп жатыр

Заңнамадағы өзгерістер, кәсіпкерлер мен билік арасындағы алшақтық, бизнесті тартып алу. Қазақстандық құқық саласының ең өзекті мәселелерін талқылау үшін форумға елдің әр түкпірінен беделді заңгерлер және құқық саласындағы сарапшылар жиналды. Қатысушылар заңнамадағы тұрақсыздықтан бас айналатынын атап өтті. Соңғы 7 жылдың өзінде Салық кодексінің заңдары 111 рет өзгерген. Қазір тағы да өзгеріс еніп отыр. Өзгерістер мен толықтырулар 2314 бапты қамтыған. Мұндай жағдайда бизнесті жоспарлау өте қиын.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүнісов бизнесті жоспарсыз тексеруге арналған 32 негіздемені қысқарту керектігін ұсынды.

«Осы жылы Бас прокуратурамен біріге отырып, кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды тексеруді бастадық. 28 мың талапты есептедік. Түрлі талап қоюшылардың ішінде СЭҚ (санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) пен өрт сөндіру қызметтері көш бастап тұр. Талаптар бірінші орынға қауіпсіздікті қоюы керек. Сапа мәселесі – компанияның ішкі жұмысы. Мысалы, балабақшалардағы жуу орындары ғимараттың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасуы керек деген талап бар. Неге? Өндірістегі шамдар металл торлармен қапталуы тиіс. Не үшін? Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыртқаны металл пышақпен жару керек. Бұндай нәрселер өте көп. Біз талаптардың 82%-ын жоюға кеңес бердік», – деді Рустам Жүрсінов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары еліміздегі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырғандарды қатал түрде заңмен жазалау керектігін нығарлады.

«3 жыл ішінде ҰКП-ға 13 564 шағым түсті. Бұл 50 кәсіпкерге күнделікті көмек керек екенін көрсетеді. Алайда осы уақытта қылмыстық жауапкершілікке тек бір, ал тәртіптік жазаға 18 мемлекет қызметкері тартылды», – деді Р.Жүрсінов.

Форум қатысушылары елімізде сот шешімдерінің бірегей базасы болуы керектігін айтты. Мұның нұсқалары бар, алайда заңгерлердің пікірінше олар қажетті талаптарға жауап бермейді. Бірегей базаның көмегімен әр азамат қазақстандық соттың қандай да бір мәселеге көзқарасын біле алады. Ал бүгінде сот шешімі қандай болатынын болжау қиын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер