astana-view

Ветеринарлық бақылауды алып тастау қаупі орынды

2016 жылғы 25 Қараша
8892 просмотров

Соңғы кездері қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ-қырғыз шекарасындағы ветеринарлық бақылауды алып тастауға қатысты мәселелер қызу талқыға түсіп жатыр

Осыған байланысты біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісовадан ЕАЭО аясындағы ветеринарлық қауіпсіздік мәселесі туралы қазақстандық және қырғызстандық тараптар арасында орын алған жағдайға байланысты түсініктеме беруді сұраған едік.

Бұл мәселе  соңғы кездері, шын мәнінде БАҚ бетінде көп жарияланды. Әсіресе, бұл даудың бір ұшы қырғыз көршімізден шығып отыр. Алдымен, мәселенің анық-қанығын анықтап алсақ.

Көбінесе мұндай мәселе қазақ-қырғыз шекарасындағы қазақстандық ветеринарлық қызмет тарапынан көрсетіліп отырған ветеринарлық бақылауға қатысты туындайды.

Мұны жоққа шығарудың еш мәні жоқ, қайта ең алдымен отандық мал шаруашылығын дамыту мен еліміздің ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін басшылыққа ала отырып, отандық өкілетті органдар қабылдаған шешімдердің тиімділігін түсіну қажет.

Ең алдымен, Қазақстан – бұл тарихы көшпенді мәдениетімен ерекшеленетін аграрлық ел, негізгі қағидасы орнықты өмір сүру екенін атап өткім келеді.

Өз кезегінде, мал селекциясымен, өсірумен, бағумен айналысатын кәсіпкерлер үшін сыртқы нарықта жұмыс жасау аса маңызды. Сондықтан бұл мәселеде экспорттық әлеуетті анықтайтын өлшем ретінде елдегі ветеринарлық жағдайдың қолайлылығын атауға болады.

Іс жүзінде, егер малдан аса қауіпті ауру анықталып жатса, онда барлық ауырған және онымен байланыста болған малдар жойылады. Ауру анықталған өңірде карантин жарияланады немесе шектеу енгізіледі. Яғни фермерлік шаруашылық өз өнімдерін сыртқа шығару мүмкіндігінен айырылады. Мұны түсіну үшін аса білімді болудың қажеті жоқ.

Макроөңірлік деңгейде жұқтыру ошағын жою бойынша тиісті іс-шараларды өткізу үшін Халықаралық эпизоотикалық бюро (ХЭБ) талаптарына сай республика бойынша тегіс шектеу қойылуы мүмкін.

Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлердің мүддесін ойлап, өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мақсатында қырғыз өнімдеріне қойылатын барлық ветеринарлық талаптарды бақылауды талап етіп отыр.

– Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім аясында ветеринарлық ынтымақтастық мәселелері қалай реттеліп жатыр?

– Жағдайды дұрыс түсіну үшін мына нәрсені атап өткен жөн: Қырғызстан Республикасы Одаққа мүше болуға Ресей, Белоруссия және Қазақстан ЕАЭО туралы келісімге қол қойғаннан соң ғана ниет білдірді.

Қырғызстанның қосылуының құқықтық негізі 2014 жылдың 29 мамырындағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің №74 «Қырғызстан Республикасының Беларусь Республикасымен, Қазақстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен бірге Кеден одағына қосылуы жөніндегі іс-шаралар («жол картасымен») жоспары туралы» және «2014 жылдың 29 мамырынан бастап Қырғызстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қосылғандығы туралы келісім» болды.

Осы құжаттар аясында бұл қадамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қырғыз Республикасына қатысты бірқатар іс-шаралар қарастырылды. Қырғыз тарапының оларды жүзеге асыруы Одаққа мүше елдердің ветеринарлық бақылауын алып тастауына негіз болмақ.

ЕАЭО туралы келісімге сәйкес ветеринарлық бақылауды алып тастау туралы шешім ЕАЭО-ға мүше барлық елдердің қатысуымен қабылданады және де бұл мәселе екіжақты форматта қабылдануы мүмкін емес. Яғни, қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылауды алып тастау отандық ветеринарлық қызметтің тікелей талабы емес.

2015-2016 жылдары Одақ елдерінің ветеринарлары және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін Қырғызстан кәсіпорындарында тексеру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары мен ережелеріне қайшы келетін, елеулі қатер тудыруы мүмкін бірқатар өрескел олқылықтар анықталды. Олар мал аурулары инфекцияларын тарату қаупін ғана емес, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер тұрғындарының денсаулығына да қауіп тудыруы мүмкін еді.

Өз басым қазақстандық тараптың бірнеше рет кемшіліктерді жою үшін қырғыз әріптестеріне бірігіп әрекет ету, кеңес өткізу туралы ұсыныспен хабарласқанын білемін.

Сонымен бірге, Одаққа мүше мемлекеттердің аумағындағы еркін тауар қозғалысы кезінде, бізге кәсіпкерлердің алдында үлкен жауапкершілік артылады.

Сондай-ақ осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан-Ресей шекарасы маңында фитосанитарлық бақылауға алынатын тауарлардың еркін қозғалысын  бақылау үшін алдын ала хабарлау орындары орнатылғандығын еске сала кетейін. Бұл шара, сонымен қатар, Қырғызстанның ЕАЭО елдеріне Қазақстан арқылы жеткізетін жеміс-көкөніс өнімдерінде ауру бедігілері анықталған.

Сондай-ақ, мал шаруашылық өнімдерінің жағдайы барлық мал басын жою қажеттілігінен ғана емес, қауіп деңгейіне орай аумақтың ұзақ мерзімге жабылуына байланысты күрделеніп отырғанын да айта кету керек.

Сондықтан, Қазақстан кәсіпкерлері ЕАЭО-қа мүше мемлекеттермен бірлесе жүргізілген Қырғыз Республикасының ветеринарлық-санитарлық бақылау (қадағалау) жүйесі аудиті баға бермей жатып, ветеринарлық бақылауды алынып тасталғанына алаңдайды.

– Бүгінгі күні қазақ-қырғыз шекарасындағы ветеринарлық бақылауды  алып тастаудың отандық кәсіпкерлік үшін қандай да зияны бар?

– Бүгінгі күнге дейін республикада мал шаруашылығын көбейтуге, мал шаруашылығы өнімдерінің өсуіне және отандық экспорт аумағының кеңеюіне бағытталған айқын курстар жоспарланған.

Мысалы, 2016 жылдың 1-қаңтарындағы ресми статистика мәліметтері бойынша 2015 жылы Қазақстандағы ірі қара мал саны 6,1 млн-нан асқан, ет және ет өнімдері экспорты 12,6 мың тоннадан асып, қаржы эквивалентінде 23,2 млн АҚШ долларына тең болды.

Ел үкіметі отандық мал шаруашылығы кәсіпорындарын қолдап келеді. Бұған «Агробизнес – 2020», «Етті бағыттағы ІҚМ-дың аналық мал басын сатып алу үшін АӨК субъектілерін несиелеу бағдарламасы («Сыбаға») және т.б. секілді бірқатар мемлекеттік қолдау бағдарламалары дәлел бола алады. Сонымен қатар бұл салаға мемлекеттен айтарлықтай қаржы бөлініп жатыр. Мысалы, тек «Агробизнес – 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың өзіне 2013-2020 жылдары  3393,2 млрд теңге жұмсалу көзделген.

Осыған қоса, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесіне аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша 2010 жылдан 2015 жыл аралығында өндірісті субсидиялау және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейі 2010 жылы 15,7 млн теңгеден 2015 жылы 71,6 млн теңгеге дейін өскен.

Мұның барлығы 2010 жылдан бері жалпы табында екі есеге артқан асылтұқымды мал шаруашылығының арттуынан көрінеді. Сонымен бірге, отандық мал шаруашылығы экспортында да өсім байқалады. 2010 жылы ет және ет өнімдерін экспорттау 2498 тоннаны құраса, 2015 жылы көрсеткіш 16134 тоннаға жеткен. Ал сүт және сүт өнімдерін экспорттау 31 мың тоннадан 105 мың тоннаға артып отыр.

Отандық мал шаруашылығы өнімдерін импорттайтын елдер қауіпті мал ауруларын жұқтыру қаупін елдің беделіне байланысты бағалайды. Ал экспорттан айырылу (егер де қауіпті мал ауруларын жұқтырған жағдайда) қазақстандық кәсіпкерлер үшін де, ел экономикасына да жақсы емес.

Осылармен қатар, Қырғызстан Республикасы аумағынан аса қауіпті мал ауруларын жұқтырған жағдайда Қазақстан қолда бар беделінен айырылып  қана қоймайды, сонымен қоса 24 ай көлемінде елдегі ветеринарлық жағдайды қалыпқа келтіруге тура келеді. Сонан соң ғана мәртебесін қайтарып алу мақсатымен ХЭБ-ға өтініш бере алады. Бұл дегеніміз мал шаруашылығы өнімдерін шетелге үш жыл бойы шығара алмау деген сөз.  

Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғандығын және бұдан былай Халықаралық эпизоотикалық бюроның стандарттары мен халықаралық талаптарды орындауға міндетті екендігін еске салғым келеді.

Бүгінде Қазақстанның 9 облысы аусыл бойынша егу жұмыстарын қолданбайтын аймақтар қатарына енді. ДСҰ елдеріне мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін алғашқы қадам жасалды.

Қазақстанда қауіпті мал аурулары пайда болған жағдайда ДСҰ-ның мүшесі ретінде біздің еліміз беделінен айырылып, оған қоса өз өнімдерін нарыққа шығара алмайды, бизнес көлемін ұлғайта да алмайды.

Қорыта келе, Еуразиялық одақты құру арқылы біз адал бәсекеге, Тараптар мүддесінің тепе-теңдігі есепке алынатына сенім арттық. Сонымен бірге, ел экономикасы кәсіпкерлік қызметпен тікелей байланысты екенін түсіне отырып, алдағы міндет – бизнес жүргізудің қауіпсіз және қолайлы шарттарын жасау екенін айтқым келеді.

Сонымен бірге, Одақтың негізгі ұстанатын қағидасы – ЕАЭО елдерінде ветеринарлық бақылаудың алып тасталуы туралы шешімді бірлесіп қабылдау. Бұл қырғыз тарапының аталған іс-шаралар мен белгіленген талаптарды орындауын есепке ала отырып іске асырылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер