astana-view

Жеке кәсіпкер: «Мораторий кезінде еркінсіп кетпейміз»

2014 жылғы 15 Наурыз
3191 просмотров

Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийден қаржы полицейлері де тыс қалмайды. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік палатасы мен экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің өкілдері дөңгелек үстелге бас қосты.

Екі жақтың басшылары Елбасының кәсіпкерлерді тексеруге жариялаған мораториінің өңірімізде жүзеге асырылуына қалай атсалысуға болатынын талқылады. Осы мақсатта тек облыс орталығы ғана емес, аудан халқы да жұмылдырыуы тиіс.

Бұл кездесудің бел ортасында облыстық экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа күрес департаментінің басшысы Серікбай Ерімбетов пен облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Жеңісбек Дулатов жүрді.

Қаржы полицейлері мен палата өкілдері осы ақында Сарыағаш ауданына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Ал тексеру болмайтынын естіген кәсіпкерлердің өздері еркінсіп кетпейміз деп сендіреді.

Дерекнамасы: Отырар ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер