astana-view

Үздік отандық экспорттаушыға дауыс беріңіз!

2016 жылғы 29 Қараша
7180 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ұлттық брендін алуға үміткерлерді іріктеу үшін онлайн-дауыс беруге қатысуға шақырды

Биыл қараша айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығын тағайындау мақсатында сайыс өткізетінін хабарлағаны белгілі.

«Ұлы дала елі» сапалы тауарлар мен қызметтерді біртұтас брендке топтастыра отырып, еліміздің беткеұстар белгісіне айналмақ. Жеңімпаздар үшін беретін қосымша мүмкіндіктер мен артықшылықтарды ескерсек, бұл бір жағынан өндірушілерді ынталандырады. Екінші жағынан халықаралық аренада Қазақстанның имиджі мен танымалдылығын арттырады.

«Ұлы дала елі» танымбелгісі бизнестің, Отанымыздың, кең даламыздың, бостандық рухы мен Тәуелсіздігіміздің бірлігін білдіреді.

Сайыс аясында әлеуетті қатысушылардың өтініштері қаралып, 12 үміткер таңдап алынды. Комиссия олардың өндіріс орындарына арнайы барды.

Соның нәтижесінде комиссия 6 үміткерді анықтап, онлайн дауыс беруге енгізген болатын.

Сіздердің әрқайсыларыңыз https://docs.google.com/forms сілтемесіне өту арқылы дауыс беруге қатыса аласыздар.

Әр дауыс маңызды!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер